ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН БЕРУ ТАҒЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫ

Осыған дейін кейінге шегерілген Қазақстандағы көліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі тағы да тоқтатылды.

Сөйтіп, көлік жүргізушілері әлі біраз уақыт көліктерін тіркете алмай­тын және жүргізуші куәлігін ала алмай­тын болды. Өйткені, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің хабар­лауынша, еліміздің барлық аймағын­дағы арнайы мамандан­дырылған Халық­қа қызмет көрсету орталықтарында кө­лік құрал­дарын тіркеу және жүргі­зуші куәлік­терін беру қызметтері тоқтап тұр екен. Себебі, аталған комитетте техни­калық ақаулар орын алса керек.

Нақтырақ айтқанда, жер-жердегі көлік құралдарын тіркеу мен емтихан қабылдау бөлімшелерінде орын алған жоғарыда келтірілген ақауларға байла­нысты олар жойылғанша елімізде мем­ле­кеттік қызмет көрсету жұмысы уа­қыт­­ша тоқтатыла тұра­тын болды. Соған орай, аталған ведомство  келті­рілген қолай­сыздықтар үшін халықтан кешірім сұрады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *