Жүректе сызы, өмірде ізі қалды

198Жетісу ауданындағы «До­рожник» ықшамау­данын­да орналасқан №87 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Кеңес әскері­нің Ауған жерінен шығарылға­нына 25 жыл толуына орай «Ауғанстан – жүрек жарасы» деп аталатын кеш өткізді.

Сонау сұрапыл соғыстың жүректерді сыздатқан ауыртпалығын барлық аналар атынан Жетісу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Сәния Өмірәлиева терең күрсіне отырып жеткізді. Ауған даласынан оралмаған боздақтарды бір минөттік үнсіздікпен еске алды.

Мектеп басшысы Ләззәт Шайкенова ерлікпен қаза тапқан ұлдарын халқы ешқашан ұмытпайтынын, жас ұрпақ санасында олардың ерліктері мен есімдері мәңгілікке сақталатынын айтып, мектеп оқушыларымен арнайы кездесуге келген ардагерлерге ризашылығын білдірді.

«Көп естігеннен, бір көрген артық» дегендей, мұндай кездесуден оқушылар ерекше рух, патриоттық сезімді сезіне­тіндерін айтып ағынан жарылған Ләззәт Шаймұратқызы игі дәстүрдің жалғасын табатынын жеткізді.

Кездесуге келген Жетісу аудандық Ауған соғысы координациялық кеңесі­нің төрағасы Дүйсенбек Тойбаев, «Ша­пағат» қоғамдық қорының президенті, ауған соғысы ардагері Марат Сайбеков, ауған соғысы ардагері Виталий Кудлаев оқушыларға ауған соғысы, оның зардабы жөнінде жан-жақты талқылап, айтып берді. Кеш соңында оқушылар ардагер ағаларымен естелік суретке түсті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *