Жүрекшілер, терапевтер Алматыда бас қосты

Алматы қаласында  Қазақстан кардиологтарының Х кон­гресі, терапевт дәрігерлердің V   құрылтайы мен  Түркі әлемі кардиологтар ассоциациясының ІХ конгресі өтті. Осы іс-шаралар аясында  ДДСҰ алғашқы дәрігерлік көмекті жақсарту бойынша  қабылданған Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған конференция  өткізілді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта  17,1 миллион адам инфаркт пен инсульттен зардап шегеді екен. Қазақстанда  жүрек-қан тамыр­лары аурулары бойынша тіркеуге алынған науқастардың саны екі миллионға жуық, ал соңғы жыл­дары осы  аурулардың салдары­нан болатын өлім-жітім көрсет­кіші 55 пайызды құрап отыр.  Дәрігерлер жүрек-қан тамырлары аурулары мен оның себептерінен болатын инфаркт пен  инсульттің еңбекке жарамды тұрғындардың арасында көбейіп,  жасарып бара жатқанына алаңдаушылық біл­діріп, осы сырқаттың алдын алу мен сауықтыру шаралары төңіре­гіндегі тәжірибелерін ортаға салып,  ой бөлісті. Барлық сыр­қат­­­тың алдын  алу, жауапты тера­пия саласын дамытудың, маман­дар даярлаудың сапасын жақсар­ту мәселелері де  бұл жиындар­дың басты тақырыбына айналды.

Қазақстан кардиологтарының ұйымдастыруымен «Қызыл киім ки» атты фотокөрме ұйымдас­тырылды. Оған Ресей кардиолог­тары  қолдау көрсетті.  Қызыл белгі жүрек-қан тамырлары ауру­ларының көбейіп келе жатқан­дығының белгісін  білдіреді.  Алдын-ала жүргізілген әлеу­меттік зерттеулердің нәтижесі бойынша    жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда біздің нәзікжандылардың 83 пайызы өз денсаулықтарына жауапкер­шілікпен қарайтын­дықтарын көрсеткен.   Бұл ретте ер-азамат­тардың үлесі 68 пайызды құрапты.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *