«Жүрек жомарттығы»

Рая Ескендір
«Жүрек жомарттығы» деп аталатын жобаны «Аяла» қайырымдылық қоры іске асырып отыр. Жалпы қордың өзі туралы ақпараттарға көз салсақ, оның жүріп өткен жолының қайырымдылыққа толы екенін байқаймыз. 2007 жылы құрылған «Аяла» 13 жыл бойы медицина мен білім беру саласындағы жобалармен жемісті жұмыс жүргізіп келеді.
Ең алдымен, аталмыш қор өзін медицина саласы бойынша танытқан еді. Бүкіл ел аумағындағы ауруханаларға заманауи реанимация жабдықтарын алуға көмектесті. Осының арқасында Қазақстандағы он мыңдаған баланың өмірі құтқарылды. Демеушілердің қаражаттары мен қарапайым қазақстандықтардың қайырымдылығының жиналған 3 миллиард теңгеден астам қаражат осы мақсаттарға жұмсалған еді.
«Аяла» қорының білім беру саласындағы жобалары да жемісті. Олардың арасында жақында ғана жүзеге асқан мектеп-интернаттары мен балалар үйлерінің жасөспірімдеріне арналған кәсіби бейімдеу курстары. Жұмсалған қаражат толығымен ашық түрде www.ayala.kz сайтында көрсетілген.
Мұнда мемлекеттік білім беру және медицина мекемелеріне көмек көрсету – «Аяла» қайырымдылық қоры үшін басым бағыт екені туралы ақпарат бар. Алайда, мамыр айында қор өзінің басым бағытын сәл өзгертіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасына «Qolda» жобасының шеңберінде азық-түлікпен көмек көрсетті.
«Қазіргі індет салдарынан көптеген адам өмір сүрудің қиындығын көріп жатыр, сондықтан біз өз көмегімізді көрсетіп, жәрдем бергенімізді маңызды деп шештік», — дейді «Аяла» қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Бүгінгі күні «Аяла» қоры Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ұсынған тізім бойынша 100 отбасына азық-түлік қоржынының сәтті жеткізілгенін хабарлайды. Осындай қиын уақытта сүт, кілегей, айран, сарымай, шұжық, ірімшік, жеміс-жидек пен көкөніс, сондай-ақ шай, кофе, жұмыртқа, балық және ет консервілері, жармалар, қант, кір жуатын заттар мен гигиеналық құралдар шын мәнінде мұқтаж болып отырған адамдарға берілді.
Еуразия Орталық Азия Қоры «Qolda» шұғыл көмек жобасы карантиннің елге жағымсыз ықпалын азайту үшін, қоғамдық және еріктілер ұйымдарына қолдау көрсету үшін, сондай-ақ халықтың БАҚ арқылы хабардарлығын арттыру үшін «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып жасалды.
«Аталмыш жоба медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету, халықтың осал топтары мен мигранттарға гуманитарлық көмек көрсету, азаматтық қоғамды пандемия салдарларымен күреске тарту, жұмыс орындарын құруға бағытталды. «Жүрек жомарттығы» жобасын іске асыру кезіндегі «Аяла» қорының кәсіби деңгейін атап өткіміз келеді. Бұл қордың қызметкерлерінің жауаптылығының және айрықша ынтасының арқасында шынайы мұқтаж адамдарға көмектің жеткеніне қуаныштымыз», — деді Қазақстандағы ЕОАҚ атқарушы директоры Ринад Темирбеков.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close