ЖҮРЕГІМДІ ҚОЗҒАП ӨТКЕН ЖӘНИЯ

Бізге «Академиялық хат» дәрісінен сабақ беретін филология ғылымының кан­дидаты, доцент Гүлжан Төлекова апайы­мыз жақында қараша айында Қарағанды қаласының Букетов атындағы универси­тетінде жоғары оқу орындары арасында эссе жазудан үлкен  конкурс өтетіндігін айтты. Сондықтан жуырда «Алматы» телеарнасынан ашылған «Шешімі бар» атты жаңа бағдарлама студиясының қонағы болып қайтасыздар деген еді. Бұл бағдарламаның эссе жазуға қандай қатысы бар деген оймен кете бардым. Сөйт­сем, тақырып таңдауда, оның өзекті­лігін ашуда, оның қалай жүзеге асатын­дығын  көріп, көкейге түйіп, әр ойдың шынайы болуын қалаған екен. Гүлжан апайға көп рахмет!

Студенттік өмірге қадам басқалы, міне, екі айдың жүзі болып қалды. Осы уақыт ішінде мен көп нәрсе үйрендім десем, артық айтқаным емес. Ең бастысы – мен еліміздің болашақ білімді әрі патриот маманы ретінде қоғамдық өмірге етене жақын араласа бастадым. Айналамда болып жатқан оқиғаларға көз жүгіртіп, әлі де қоғамымызда шешімін таппаған мәсе­лелердің бар екеніне куә болып, келешекке деген мойнымда белгілі бір жауапкершілік тұрғанын сезінгендей болдым. Әрине, осы ойды қалыптастыруда мен білім алып отырған «Тұран» университеті мен ондағы білікті ұстаздардың рөлі үлкен.

Біз жуырда «Академиялық хат» пәнінің оқытушысы Гүлжан Қажымұрат­қызының жетекшілігімен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барып, ең алғаш рет «Шешімі бар» атты телебағдарламаға қатысып қайттық. Ондағы атмосфераны сөзбен айтып жеткі­зу мүмкін емес. Күнде біз теледидардан көріп жүрген дайын бағдарлама-шоу­лардың, әлеуметтік жобалардың артында осыншама жұмыс пен үлкен еңбектің жатқанын білмейді екенбіз. Миллиондаған халықтың алдында сөйлеу, өз ойын нақты жеткізе білу, үмітпен әр түрлі мәселелеріне шешім іздеп келген адамдардың алдын­дағы жауапкершілікті сезінудің өзі не тұрады?! Расында да журналистиканың аса батылдықты қажет ететін мамандық екеніне көзім жетті.

Бағдарламада «Қамқоршы болған қаршадай қыз» тақырыбымен ата-анасы естімейтін не сөйлемейтін небәрі жеті жасар қыздың тағдыры туралы сөз қозғал­ды. Балалық шақтың тәтті дәмін сезінбей өсіп келе жатқан қаршадай қыздың хикая­сын тыңдап, жүрегің қанжылайды. Мүгедек ата-анасымен бірге пәтерден- пәтерге көшіп жүрген кішкентай ғана Жәнияға көмек қолын созар адамның табылмағанына қапа болдым. Және сол бір сәтте көзіме жас үйіріліп, болашақта өзімнің қайырымдылық қорымды ашуға бел байладым.

Біз, жастар, бүгіннен бастап қоғам істе­ріне араласып, халықтың мұң-мұқта­жын бірге тыңдап, оларға көмектесуден аянбасақ, онда еліміздің еңсесі нық, алар асулары биік болмақ. Жәниядай балалар бақытты өмір сүрер еді деп ойлаймын.

 

Айжан БИМАҒАНБЕТ,

«Тұран» университеті Аударма ісі мамандығының 1-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *