ЖҮРЕГІ АЛТЫН ЖАНДАР МАРАПАТТАЛАДЫ

Өзгеге қайырымдылық жасап, қол ұшын бере білетін жүрегі кең жандарды марапаттайтын «Алтын жүрек» сыйлығы 2007 жылы дүниеге келді. «Baurzhan Foun­datіon» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жанданған бұл жоба жыл санап өз мәртебесі мен деңгейін жоғалтпай келеді.

Әр жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен «Алтын жүректің» ресми сайтына (www.altynzhurek.kz) 300-ден астам өтініш келіп түседі.  Биылға дейін 124 қайырымды жан «Алтын жүрек» атағын алған.

Биыл да «Алтын жүрек» жылдағы үрдісін жалғастырып, өзінің 12 жұмы­сын бастамақ. Бұл жолғы тың жаңалық – аталмыш сыйлыққа жаңа 12-номинация қосылып отыр. Сонымен, жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықта­лады:

  1. «Жетім балаларға көрсеткен қамқор­лығы үшін» номинациясы – жетім, балалар үйлері мен интернаттарға тегін көмек көр­сету үшін.
  2. «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» – гранттар түрінде қаржылық мемлекеттік және жеке оқу орындарына көмек және қаражат бөлуді қамтамасыз еткені; жаңа білім беру мекемелерінің құрылысына қатысқаны; кітаптар мен қазақстандық авторлардың ғылыми еңбектерін шығаруға қолдау көрсеткені үшін.
  3. «Мүгедек жандарға көрсеткен қам­қорлығы үшін» – қаржылық, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмегі; мүгедектігі бар адамдарды оңалту жұмыстары мен жобалары үшін.
  4. «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» – барлық бағыт пен деңгейдегі спорттық мекемелер мен ұйымдарға қаржылық көмек көрсеткені; Халық­аралық жарыстарда қазақстандық спорт­шыларды қолдағаны үшін.
  5. «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» – зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, арда­герлер, Ауған соғысының ардагер­лерінің құқығын қорғап, өмірін жақсартуға қосқан үлесі үшін.
  6. «Жыл меценаты» – (ақындар, жазу­шылар, суретшілер және т.б.) мәдениетті, өнер шеберлерін қолдағаны; қоғамды жақсартуға бағытталған ірі мәдени және маңызды жобаларды іске асырғаны үшін.
  7. «Ақпараттық қолдаушы» – БАҚ-та қайырымдылық туралы ең үздік жариялау; әлеуметтік жағдайларға және мұқтаж адамдардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару үшін.
  8. «Жылдың қайырымды адамы» номи­нациясы – түрлі бағыттардағы ауқымды қайырымдылық қызметі үшін (тек жеке тұлғаларға қатысты).
  9. «Жыл ұйымы» – компаниялардың немесе ірі қайырымдылық жобалардың әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға жасаған демеушілігі үшін.
  10. «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы – меди­циналық мекемелерге материалдық және қаржылық көмек көрсету, сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар үшін қолдау және денсаулық сақтау қызметкер­лерін оқыту.
  11. «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» – шетелдік азаматтардың Қазақстанның игілігіне қосқан үлесін бағалау (тек жеке тұлғалар үшін).
  12. «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясы экологиялық мекемелерге материалдық және қаржылай көмек, сонымен қатар, қоршаған ортаны жақсартуға, экологиялық жобалар мен акцияларға көрсеткен қолдауы үшін беріледі.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ЖЫЛ САЙЫН 27 ҚАЗАНДА ӨТКІЗІЛЕДІ. ШАҚЫРЫЛҒАН ҚОНАҚ­ТАРДЫҢ ІШІНДЕ МӘДЕНИЕТ ҚАЙ­РАТ­КЕРЛЕРІ, САЯСАТКЕРЛЕР, БИЗ­НЕС ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭС­ТРАДА ӨКІЛДЕРІ СЫЙЛЫҚ ИЕЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА МАРА­ПАТТАЙТЫН БОЛАДЫ.

 

Нұр  ЖАМАЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *