ЖӨНДЕЛУІ ТИІС КӨШЕЛЕРДІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ТАҢДАЙДЫ

Газетіміздің өткен санында Алматы шаһарында былтыр және биыл қандай, қанша көше жөнделгені туралы ақпарат жариялаған болатынбыз. Бұл бағыттағы жұмыстар, әрине, осымен тоқтап қалмайды.

Өзіміз күнделікті жүретін көшелердің түзу де кең, әдемі де қолайлы болғаны біз үшін маңызды. Сондықтан алдағы уақытта енді қандай көшелерді жөндесек болады, қай көшенің ахуалы сын көтермей тұр, міне, осы  мәселеге кез-келген қала тұрғыны араласа, пікір білдіре алады. Сөйтіп, бәріміз ұсыныс-тілектерімізді тоғыстыра отырып, шаһардың мәртебесін биіктетуге атсалысатын боламыз. Иә, осы орайда сіздің ұсыныс-тілегіңіз біз үшін құнды. Сондықтан біз сіздерге арқа сүйейміз, алматылықтар!

Алматы қаласының әкімдігі осы мәселелер бойынша өздеріңізден нақты ұсыныстар күтеді. Сіздің ойыңызша қай жол жөнделуі немесе қай маңға жаңа тротуарлар жасалуы тиіс? Осы туралы ұсыныстарыңызды zhol. almaty @a-a.kz электронды жәшігіне «Жөндеу қажет» немесе «Тротуар қажет» белгілерімен жібере аласыздар (осы жылдың қыркүйек айының аяғына дейін қабылданады).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *