ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

555Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Елбасы Үкімет мүшелерімен өткізілген кеңейтілген жиында алда болатын дағдарыстан шығу жолын қарастырудың әлеуметтік  салаға қатысының жоқтығын, бұл бағыттағы қолға алынған   мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралардың өз жалғасын табатынын атап өткен болатын. Бұл мәселе  Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің  де қала тұрғындарымен өткізілген есептік кездесуінің күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселелердің қатарында талқыланып, қала әкімі «Жұмыспен қамту  жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтар арасында көш басында тұрған Алматы қаласында бұл бағдарлама биыл да   жалғасатынын қадап айтып, осы салаға жауапты басшыларға қадау-қадау тапсырма берді.

Жалпы алғанда, Алматы қаласында жұмыссыздыққа қарсы күрес шараларының беталысы жаман емес секілді. Сөзіміз дәлелді болу үшін  Жұмыспен қамту бағдарламасының өткен жылғы орындалу барысына көз жүгіртсек, өткен жылы жұмыспен қамту іс-шараларымен 7 424 адам  қамтылып, оның 3422-сі жұмыспен қамтамасыз етіліпті. 881 адам кәсіби  даярлықтан өткен. Жұмыспен қамту  мекемелеріне келіп жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалардың саны 960 адамды құрапты. Бұл  экономикалық белсенді халық санының 0,1 пайызын құрайды.

Ал «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 4,3 миллиард теңгеге 11 білім беру мен денсаулық сақтау  нысандарының күрделі жөндеу және сейсмикалық жағынан күшейту жұмыстары атқарылыпты.  677 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен  қамтамасыз етілсе, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 808 жас маман қамтылған. Ал кәсіптері қаладағы еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес келмейтін 1257 адам кәсіби оқытуға жіберілген. Жалпы алғанда, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, сондай-ақ, жұмыспен қамтуды қолдау бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар нәтижесінде Алматы қаласында 23 мың 317 жаңа жұмыс орындары құрылған еді.

Жұмыспен қамту бағдарламасының қала тұрғындары арасында кең қолдауға ие болып, оған қатысуға ниет білдірушілердің санының артуына ең алдымен Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасы мен  қалалық Жұмыспен қамту орталығы, оның бөлімшелерінің жүргізген ақпараттық түсіндірмелік жұмыс­тарының және сондай-ақ, қала, аудан әкімдіктерінің, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалдарының ұйымдас­тыруымен өткізілген   «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкелерінің де септігі көп болғанын атап өткен жөн. Биылғы жылы да тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу жұмыстары ұйымшылдықпен қолға алынуда. «Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдармен халықты ақпарат­тандыру мақ­сатындағы 22 меморандумға және жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерімен 1 мемо­рандумға қол қойылды», — дейді орталықтың бас маманы Марат Абайұлы.

Сондай-ақ, бағдарламаны тұрғындар арасында кең насихаттау мақсатында қалалық муниципалдық автобус паркінің автобустары мен трамвай-троллейбустерінде, темір жол бекеттерінде хабарландырулар жарияланып, Алматы қаласының метрополитеніндегі мониторлар арқылы қаладағы кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары туралы ақпараттар жарияланып тұрды. Бұған қосымша қаламыздағы ең көрнекті көшелердің бойына «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын насихаттайтын 24 билборд ілінген болатын.

Жұмыс іздеушілердің  қалалық Жұмыспен қамту орталықтарына келіп, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі бағдарламасы туралы толық мәліметтер алуларына  да  барлық  жағдайлар жасалған. Орталықтың күн тәртібіндегі ең басты мәселелердің тағы  бірі – Елбасының  мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтып, кәсіптік білім беру  тапсырмасын жүзеге асыру болып табылады.  Өткен жылы  159-ға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орна­ластырылыпты. Ал биыл қала әкімі жұмыс беруші кәсіпорын басшыларына кем дегенде 3 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту туралы талап қойып отыр. Бұл талаптарды орындамаған, болмаса, мүмкіндігі шектеулі  азаматтардың құқын шектегендерден жауап­кершілік талап етілетінін ескертті.   Ал енді тұрғындарды жұмыспен қамтудың биылғы ахуалы қалай болмақ? – деген сауалға жауап іздеп көрсек, биылғы беталыс та жаман көрін­бейді.

2015 жылы Алматы қаласында «Жұмыс­пен қамту  жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 810,7 миллион теңге қарастырылып отырса,  оған қосымша жергілікті бюджеттен 70 миллионнан астам қаражат бөлініпті. Осы қаражаттың 593 миллионы 10 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалмақ.

Инфрақұрылымдық жобаларды  жүзеге асыру арқылы 258 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Ал әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 87,2 миллион, ал «Жастар тәжірибесі» бағдар­ламасын жүзеге асыру мақсатына 104,6 миллион теңге қарастырылып, биылғы жылы 489  түлек жұмыс орындарына жолданады деп күтіліп отырған жәй бар. Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы   Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына қолдау білдіре отырып, биылғы жылы 10000 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеміз деген міндеттеме де алып отыр. Еңбек – әр отбасының несібесі, күнкөрісінің көрінісі десек, бүгінгі таңда әр адамның өз  қабілетіне қарай еңбек етіп, несібесін тауып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақ­сартуына  жол ашатын мүмкіндіктер жеткілікті.

Тек сол мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алмасаңыз болғаны, Алматыда екі қолға бір күрек іздеген жандарға жанбағыс жолы қашанда табылады.

 

«Жаңа мүмкіндіктер – бүгін!»

бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық халықты Жұмыспен қамту орталығы» КММ Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясымен бірге 2015 жылғы 11 наурызда жыл сайынғы «Жаңа мүмкіндіктер – бүгін!» бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жұмысқа орналасуға шынайы мүмкіндік береді.

Өткізу уақыты: 2015 жыл, 11наурыз, сағат 10.00.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі, 9 (Мәметова көшесінің қиылысы), Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының спорт кешені.

Байланыс телефондарымыз: 279-81-91, 279-95-13

Мақатаев көшесі 117, Масанчи көшесінің қиылысы («Лотос» бизнес орталығы).

 

Керек кеңес

Жұмыс іздеушілер Мақатаев көшесі 117 үйде орналасқан (Масанчи көшесінің қиы­лысы) « Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не, болмаса,  орта­лықтың аудандық бөлімдерімен хабарласып  «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы туралы толық  ақпарат алуларына болады.

Қалалық  халықты жұмыспен қамту орталығы –279-03 -76.

Аудандық бөлімдердің байланыс телефондары:

Алатау–391-15-27,

Алмалы–279-62-48,

Әуезов–279-93-51,

Бостандық–279-31-87,

Жетісу–279-95-37,

Медеу-279-58-77,

Наурызбай–279-96-32,

Түріксіб–279-98-13.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *