ЖҰМЫС ТАУЫП, ӨЗ ІСІН АШУҒА КӨМЕКТЕСУДЕ

Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға да және жұмыс берушілерге де қызметтің барлық түрлерін көрсетіп келеді. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама­сының ықпалы зор. 

Жұмыссыздарға лайықты жұмыс іздеуде (тұрақты және уақытша жұмыс орындары), түйіндеме құрастыруда көмек көрсетіледі, ал мамандығын таңдай алмай жүргендерге кәсіптік бағдарлау бөлімінде арнайы тесттердің көмегімен тиісті мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беріледі. Ал егер адам жаңа мамандық алғысы келсе, онда Алматы қаласы еңбек нарығында сұра­нысқа ие мамандықтар бойынша Жұмыспен қамту орталығынан қысқа мерзімді курстардан өтуга болады. Оқу ұзақтығы таңдаған мамандығына байла­нысты бір айдан алты айға дейін созы­лады, ай сайын шәкіртақы төленеді.  Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, бағдарлама бойынша қысқа мерзімді курстарды аяқтағаннан кейін тілек білдірушілер бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грантты алуға өтінім бере алады, сондай-ақ, гранттардан басқа шағын несиелер алуға да болады.

Жұмыс тәжірибесі жоқ жоғары оқу орындарының түлектері үшін (29 жастан аспаған) мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы белсенді іске асырылып келеді. Жастар тәжірибесінің ұзақтығы – 6 ай. Еңбекақы айына 63 125 теңгені (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны және банк қызметтерін есепке ала отырып) құрай­ды. Егер жас маман өзін жақсы көрсет­се, жұмыс берушіге ұнаса, компанияға ресми түрде жұмысқа қалуы да мүмкін.

Жұмыс берушілерге Жұмыспен қамту орталығы қажетті кадрларды іріктеуге, бос жұмыс орындары жәр­мең­кесін ұйымдастыруға көмек көр­сетеді, жаңа жұмыс орындарын құруды толық және ішінара субсидиялайды, www.enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс бойынша кеңес береді, еңбек нарығының жағ­дайы туралы хабарлайды, жұмыспен қамту саласындағы нормативтік акті­лерді түсіндіреді.

Барлық мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

 

Орталықтың мекен-жайы: Назарбаев даңғылы 50, Жібек жолы көшесінің қиылысы. Тел.: +7 (727) 224 20 00; +7 (727) 221 66 11.

Электронды пошта: centr_ almaty @maіl.ru.

 

Әсел ТӘШІБАЕВА,

Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *