Жұмыс таба алмай жүрсіз бе?

Онда 2019 жылдың 24 сәуірінде  сағат 11.00-де Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының аумағында жұмыс іздеушілер мен пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарына арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне келіңіз. Жәрмеңке: Абылай хан даңғылы, 74 А, 3-қабат мекен-жайында өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің Аппараты, «Нұрлы Бағдар» қоғамдық қоры.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыз азаматтарды, проба­ция қызметінің есебінде тұратын азамат­тарды, жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші азаматтар арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыру. Психоло­гиялық және заңды түрде көмек көрсету.

Жәрмеңкеге 150-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынатын, 30-дан астам жұмыс беруші қатысады.  Бос орындар жәрмеңкесі компанияларға да, сол сияқты үміткерлерге де тегін өткізіледі.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде халықты жұмыспен қамту мәселелері, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша кеңес беріледі.

 

Байланыс мәліметтері: Н.Назарбаев даңғылы, 50 (Жібек жолы көшесінің қиылысы), тел. 390 88 19.

+7 775 818 86 23 Қапан Асқар,

+7 777 242 48 52 Қамбарова Гүлнар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *