Жұмыс берушiлер қатары артып келедi

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдар­ламасын жүзеге асыру мақсатында үстiмiздегi жылы Алатау аудандық жұмыспен қамту орталығы қала тұрғындарын жұмыспен қамту қыз­метiнiң жұмыстары, еңбек нарығын­дағы сұранысқа ие мамандықтарды оқыту және жұмыспен қамту, жұмыс берушiлерге сұранысы бойынша ма­мандар даярлау және ұсыну негiзiнде белсендi жұмыс жүргiздi. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын iске асыру барысында «Алатау ауданы әкiмшiлiгi» алаңында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесi» өткiзiлiп, жұмыс берушiлер арасында қарым-қатыныс жасау арқылы түрлi  үгiт-насихат  және жұмыссыздармен кеңес жүргiзiлдi.

Сонымен қатар, серiктестiк жайлы дөңгелек үстел өткiзiлiп, бағдарлама­ның жоспарына сай түрлi iс-шаралар ұйымдастырылды. Алатау аудандық жұмыспен қамту орталы­ғының бұл iс-шараларды өткiзудегi мақсаты – жұмыс берушiлер мен жұмыспен қамту орталығының серiктестiгiн нығайту болып табылады. Осындай сенiмдi серiктестiктiң алтын дiңгегiн берiк ұс­тап келе жатқан ЖК «Турлиев» Алатау аудандық жұмыс­пен қамту орталы­ғымен екi жылдан берi бұл мекемемен байланысын үзбей келе жатыр. Осы сынды тұрақты «Еркiн» ТҰИК «Жұ­мыс­пен Қамту – 2020» бағдарла­ма­сының жүзеге асуына өз үлестерiн қо­сып келедi. Жұмыс берушiлермен өткен дөңгелек үстелдiң аяғында жұмыс берушiлер құрмет қағазда­рымен марапатталды, бола­шақтағы жос­пардың iске асу барысын тал­қылады, тиiмдi жолдарын қарас­тырды.

Жалпы айтқанда, Алатау аудан­дық жұмыспен қамту орталығының қарқынды жұмысы қазiргi дамушы ел – қазақ елiне көмек, қоғамға керек, халыққа қажет дүние. Бұл қызмет – аудан тұрғындарының қал-жағдайын, әл-ауқатын жақсарту үшiн жасалған игi iстерi екенi даусыз. Қоғамға, бiздiң елге қажеттiнi ел болып, халық болып жұмыла көтерсек,  жүк-жеңiл болмақ.

 

А.ЖҰМАҒАЛИЕВА,

 Алматы қаласы «Жұмыспен қамту орталығы» Алатау аудандық бөлiмiнiң

жоғарғы деңгейдегi инспекторы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *