Жүлдемен оралды

Рая ЕСКЕНДІР

Ташкентте Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалі аяқталды. Байқауға қатысқан Қазақстанның 18 ЖОО түлектері дипломант атанды. Аталмыш байқау Ташкент сәулет-құрылыс институты, Турин политехникалық университеті, М.Ұлықбек атындағы Самарқанд мемлекеттік сәулет-құрылыс институты, Бұқара инженерлік-технологиялық институтының қолдауымен өткен еді.

Дәстүрлі форумға Еуразияның 19 елінен 80 университет қатысса, Қазақстанның 18 жоғары оқу орны 90-нан астам жұмыстарын ұсынды. Бұл жобалар «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс», «Құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндіру», «Инженерлік жүйелер мен желілер», «Көліктік құрылыс», «Геодезия және картография», «Кадастр және жерге орналастыру» бағыттары бойынша республикалық байқаудан іріктелген жұмыстар.

Сонымен, Халықаралық байқауға бакалавриат пен магистратура бойынша 552 жұмыс ұсынылып, 50-ден астам түлек бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жалпы, 10 жылдың ішінде Халықаралық фестиваль Еуразияның 150-ден астам жоғары оқу орындарының басын қосып, әлемдік қауымдастық алдындағы беделін көтерді. Білім саласындағы интеграция, тәжірибе мен идея алмасу әріптестікті арттырады, сәулет-құрылыс саласына жаңа трендтер енгізеді.

Халықаралық фестивалға Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясының президенті Әмірлан Құсайынов ұйытқы болды. Осылайша ҚазБСҚА шет елдегі университеттердің базасында халықаралық ауқымды шараны өткізген еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны болып отыр.

ІX Халықаралық фестивальдің Қазақстанның Өзбекстандағы жылымен тұспа-тұс келуінің өзі екі ел арасындағы мызғымас достық пен келісімді білдіргендей.

Сәтін салса, ұйымдастырушылар студенттік жобалардың жинағы мен қатысушылардың мақалаларын жариялайтын болады. Келесі фестиваль Ресейдің Новосібір қаласында өткізілмекші.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *