ЖҮГІРУ МАУСЫМЫН 1200 ӘУЕСҚОЙ АШЫП БЕРДІ

Биылғы «Алматы марафонына» 17 мыңнан астам адам қатысуы керек

Өткен сенбі күні Баум бағында жүгіру маусымының ашылу жарыстары болды. «Алматы марафонының» екінші кезеңіне 1200 алматылық тіркеліп, сенбілік жүгіруге отбасымен келгендер, ұжымдық командамен келген қызметкерлер қатысты. Тамаша ауа райында бой сергіткен әуесқойлар марафонында ересектерге 13 шақырымдық, балаларға 3 шақырымдық қашықтықтар белгіленді.

 Биылғы маусымның бірінші жүгіру жарысы «Алматы марафоны» алдындағы кезеңдік марафондар еді.

«Алматы марафонының» ұйымдас­ты­ру­шысы «Бірінші болу батылдығы» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов марафонға қатысушыларға жарыс жолында жеңілдік, көтеріңкі көңіл-күй тіледі.

– Осындай іс-шарада өзара пікір­лесіп, сергіп, көтеріңкі көңіл-күйде болу, қуат алу маңызды. Бірінші әуес­қойлар марафонына 2 мыңға жуық алматылық қатысқан болса, биылғы басты марафонда 17 мыңнан астам қатысушы болады деп күтудеміз. «Алматы марафоны» әдемі дәстүрге айналуы тиіс, – деді Ғ.Есенов.

«Алматы марафонын» ұйымдастыру­шылардың бірі Валихан Тен келген балаларға көңілді жаттығулар ұйымдас­тырып, ересектердің де көңілдерін сергітті.

– Біз осындай төрт маусымдық жүгірулер ұйымдастырамыз. Бұл негізгі марафон алдындағы «Алматы марафо­нына» дайындық старттары мен үлкен марафонды насихаттау жұмыстары. Маусымдық спорттардың мақсаты – ірі спорттық іс-шараларға қатысу мәде­ниетін қалыптастыру. Бұған «марафон­шылар» да үйреніп қалды. Ертерек келіп, дұрыс киініп, ереже бойынша жарыстарға қатысып жүр, – дейді Валихан Тен.

Баум бағындағы жарыстарда балалар арасындағы жүгіруде Рима Гранкина мен Доминик Боловинцев үздік болды.

Ересектер арасында, 15–34 жас санатында Айжан Жанбатыр мен Алмас Рақымбаев, 35–49 санатында Нағима Керімбаева, Ержан Жанмайловтар бірінші келді. Ал 50+ санатында Әлия Айтқазина мен Тұрсынғали Әлібаевтар үздік болды.

Биылғы сегізінші «Алматы марафо­ны» басты жарысы 21 сәуір күні өтеді. Үлкен марафонға қатысқысы келетін­дер үшін әр сенбіде Тұңғыш Президент саябағында жаттығулар ашылды.

 

Нұр ҚАЙЫР.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *