Өзгерістерді өзіңнен баста

Әсел ДАҒЖАН

 

 

Алматы қаласы әкімінің орын­басары А.Қырықбаев және қала­дағы зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының басшылары «Рухани жаңғыру» бағдарлама­сының бесінші кіші тармағын талқылады.

«Өзгерістерді өзіңнен баста» деп аталатын бұл тармақ мемле­кеттік қызметшілердің жүріс-тұрысы мен санасын өзгертуді көздейді. Одан бөлек, мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіруге негізделген.

–       Біздің агенттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзге­рістерді өзіңнен баста» деп аталатын бесінші кіші тармағына жауапты. Бұл жердегі біздің басты аудиториямыз – мемлекеттік қызметкерлер. Олар халыққа қыз­мет көрсететіндіктен, қоғамның  игілігі бірінші орында. Бірақ мемлекеттік қызметкерлердің санасын өзгертумен мемлекеттегі жүйені толықтай өзгерте алмай­мыз. Сол үшін азаматтық сектор­ды да тартудамыз. Қоғам біздің мемлекеттік органдардың ашық әрі таза жұмыс істейтініне көз жеткізуі тиіс, – деді ҚР Мемле­кеттік қызмет істері және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қала­сы бойынша департаменті жетек­шісінің орынбасары Айгүл Шаи­мова.

Аталған жиында мемлекет тарапынан қабылданатын бағдар­ла­малардың бір-екі жылдан кейін ұмыт қалатыны жайлы да сөз қозғалып, қоғам қайраткерлері өздерінің ұсыныстарын білдірді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *