«Зерен–2019» жастар жазғы лагерінің екінші маусымы басталды

13–21 шілде аралығында Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Моңғолия және Қытай елдерінен жиналған 200 жас дарынды қатысушылар тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен өз жобаларын дайындап, ұсынады. 

«Зерен–2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

9 күн бойы қатысушыларға Дос Көшім, Ерлан Мұстафин, Мақсұт Жұмаев, Тимур Құдайбергенов, Әлихан Бәйменов және басқа да танымал тұлғалар тәлім береді. Спикерлер өз тәжірибесі мен табысқа жеткен тарихын жастар­мен бөлісіп, жобаны жасап, жүзеге асырудың қазіргі уақыттағы қиын­дықтары туралы айтып береді.

Лагердің мерзімі үш кезеңге бөлінгенін естеріңізге саламыз. Әр кезеңде 200 қатысушыдан жина­лып, яғни барлығы 600 адам қаты­сады. Лагерде тұру және білім алу тегін. Бірінші кезең 3–11 шілде аралығында өтті, екінші кезең 13–21 шілдеде; үшінші кезең 23–31 шілде аралығында өтпек.

Барлық қатысушы өз жобасын келесі негізгі бағыттар бойынша әзірлейді: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті эко­номика және жаңа медиа салалары. Әр командаға тәжірибелі тәлімгер-ментор тағайындалып, олар жас­тарға идеяларын қалай жетілдіруі керек екені жөнінде жол сілтеп, кеңес береді.

Зерендіктер жобаға қатысты интеллектуалды жұмыстардан бөлек, күнделікті белсенді спорт секцияларына қатысады. Әр таңда, сағат 7.00-ден 8.00-ге дейін коман­далық спорт жарыстарына қаты­сып, кешкісін бәріне ұнайтын FіreTіme (алау маңындағы кездесу) уақытында ынталандырушы спи­кер­лермен өз идеялары мен жоспар­ларын талқылайды.

Лагердің мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік ба­ғыт­тағы бизнес жобаларды Қазақ­станның барлық өңірінде ашу. Лагерь жастардың өзін-өзі көрсе­туіне көмектесіп, жастардың, со­ның ішінде ауыл жастарының эко­номикалық және әлеуметтік саты­ларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.

Зерен лагері жобасының аяқталу соңында сарапшы қазылар қатысушылар жасаған  жобалардан ең үздігін іріктейді. Үш маусымның жалпы жүлде қоры 15 млн. теңге.

Айта кетер бір жәйт, 3–11 шілде аралығында өткен бірінші мау­сымның қорытындысы бойынша 5 үздік жоба таңдалды, жобаларды жүзеге асыру үшін, 7 млн. теңге салтанатты түрде табыс етілді.

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *