Өзекті тақырып талқыланды

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы ұйымдастырған «Мемлекеттік қызметшілерді қысқартудың негізгі тәсілдері» онлайн вебинарына Алматы қаласы Қаржы министрлігінің мемлекеттік органдарынан 100-ден астам қызметкерлер, сонымен қатар 17 аудандық басқарма басшылары қатысты.

Вебинар барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.С. Мурзагельдинова мемлекеттік қызметшілерді қысқартудың негізгі тәсілдері туралы айтып берді. Қысқарту, бірінші кезекте бос лауазымдар есебінен жүргізілетіні атап өтілді.
Спикер, Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, 14 жасқа дейінгі баланы немесе 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, аталған санаттағы балаларды анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдар, сондай-ақ зейнеткерлікке шыққанға дейін екі жыл қалған адамдар қысқартуға жатпайтынын айтты.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметте үш жылдан астам өтілі бар мемлекеттік қызметшілерге қысқартылған жағдайда төрт лауазымдық айлықақы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Вебинар аясында қатысушылар сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алды, сондай-ақ тыңдаушылар вебинар үшін таңдалған тақырыптың өзектілігі мен уақтылығы туралы атап өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *