ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ЕМХАНАҒА ӨТІНІШ ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ТІРКЕЛЕ АЛАДЫ

Бұдан былай еліміздегі бірқатар азаматтар медицина ұйымдарына қағаз форматта өтініш жазу арқылы тіркеле алады. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шешімді электронды үкімет порталы арқылы тіркелу кезінде туындаған проблемаларды реттеу мақсатында қабылдап отыр. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.

 

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емха­наларға 2019 жылдың 1 қазанынан бастап бірнеше санаттағы азаматтарды қағаз форматта жазылған өтініш арқылы тіркеу туралы тапсырма берді. Аталған санаттардың арасында зейнет­керлер, мүгедектер, балалық шағы­нан мүгедек саналатын тұлғалардың (соның ішінде кәмелет жасына толғандар) күтушілері, сондай-ақ, баланың заңды өкілдері, қамқоршылары мен патронаттық тәрбие­шілері, қылмыстық-атқару мекеме­лерінде отыр­ғандар, студенттер, әскери борышын өтеп жатқан азаматтар, шет мемлекеттерде туылған балалар, бөбектер, жетімдер үйлерінің тәрбиеленушілері, Қарттар үйінің тұрғындары бар» делінген салалық ведомство хабарламасында.

Қордың Алматы қалалық филиалының дирек­торы Тілеухан Әбілдаевтың айтуын­ша, жоғарыда атап өтілген санаттар нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін тіркеу туралы арызды сенімхат негізінде рәсімдей алады.

Естеріңізге сала кетсек, қазір елімізде жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Екі айға созылатын дәстүрлі шара 15 қарашада аяқталады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *