Зейнеткердің жылы үй жайлы арманын орындады

 

Әсел ДАҒЖАН

30 шілде күні мерзімді басылым беттерінің бірінде зейнеткер Галина Варфоломееваның жағдайы туралы ақпарат шыққан болатын. Қиын жағдайда қалған зейнеткерге қолұшын созу үшін партия мүшелері бірден үн қатты.

77 жастағы қария 2-топтағы мүгедек. Ол Алматыда 1961 жылдан бері тұрады. 2000 жылы күйеуі қайтыс болғаннан бері жалғыз күнкөріп келеді.

«Nur Otan» партиясының мүшесі Асқар Білісбеков зейнеткердің үйіне барып, оның жағдайымен жеке танысты. Қарияның №3 қалалық емханада онкологиялық аурудан емделіп жатқаны, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын қажет ететін ескі үйде тұратыны анықталды.

Өз кезегінде партия мүшесі, кәсіпкер Асқар Білісбеков зейнеткердің тұрғын үйін жөндеуді бірден жауапкершілігіне алды: жылы еден төсеп, су құбырын өткізіп және жаңадан шатыр салуға көмектесті. Өз қаражатының есебінен 100 000 теңгені Г. Варфоломееваға табыстады.

  • Біз бірден апаның үйіне келіп, бәрін қарап шықтық. Бірінші болып су құбырын өткізу керек болған. Алайда шатырдың да сынғанын көргенде, «Exclusive Qurylys» серіктестерімен бірге көмектесейік деп шештік. Жылдам қимылдаудың арқасында барлық жұмыстар 2-3 күнде аяқталды, – деді Асқар Білісбеков.

Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Бақытбек Жұмабеков зейнеткерге 6 түрлі азық-түлігі бар себет табыстады.

  • Мен көмек сұрап көрген емеспін. Үнемі бәрін өзім жасап үйреніп қалғам. Бірақ кәрілік деген осы екен, зейнетақым да аз. Көп нәрсеге қаражатың жетіспейді. «Nur Otan» партиясына қиын сәтте тез жауап беріп, жылы үй туралы арманымды орындағандары үшін алғысымды білдіремін», – деп Галина Варфоломеева кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close