ЗЕЙНЕТАҚЫ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ БІЛГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ?

Онда 2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында өтетін Ашық есік күніне келіңіз. Зейнетақы жүйесін жаңғыртудағы басты мақсат – зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыру.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт­тар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың міндетті зей­нетақы жарналарын төлеу рәсімін оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті болса, жеке тұлғаларға, олардың ішінде фрилан­серлерге берілетін табыстан міндетті зейнет­ақы жарналарын осы салық агенті төлейтін болады;

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, мін­детті зейнетақы жарналарын төлеу – фрилансердің міндеті емес, құқығы болып табылады;

– егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипат­тағы шартты салық агенті болып табыл­майтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша міндетті зейнетақы жар­наларын төлеу оның міндеті болып есептел­мейді. Бұл ретте жарналарды есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлше­рінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс.

Биылғы жылғы жаңа енгізілімдердің бірі – жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни 2019 жылдың 8 қаң­тарынан бастап жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшін қорға жүгінудің қажеті жоқ. Жеке тұлғаның қорда міндетті зейнетақы жарна­лары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен кезде шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) іске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемді:

– мемлекеттік кірістер органына төле­нетін жеке табыс салығын;

– БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнет­ақы жарналарын;

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды;

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік жарнаны жүзеге асыруға болады.

Зейнетақы заңнамасына басқа қандай өзгерістер енгізілгені туралы қор маман­дары Ашық есік күні шарасында толық­қанды түсіндіретін болады.

 

Аталмыш шара 2019 жылдың 19 нау­рызында сағат 10.00 мен 17.00 аралығында Алматы филалының төмендегі мекен-жайлар бойынша өткізіледі:

№1 бөлімше Алматы қ., Әуезов ауданы, «Ақсай-1» ы/а, Төле би көшесі, 15 «Б»;

№6 бөлімше Алматы қ., Медеу ауданы, Төлебаев, 38/61 көшесі, Литера «В» (Қонаев көшесі, Мақатаев көшесінің қиылысы);

№7 бөлімше Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 80, (Желтоқсан көше­сінің қиылысы).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *