Үздік ұстаздар марапатталды

Рая ЕСКЕНДІР

 

Соңғы жылдары Қазақстан Педагогикалық ғылымдар акаде­миясы жылына 3 рет республи­калық тәуелсіз «Үздік ұстаз» байқауын өткізіп келеді. Ондағы мақсат – жоғары нәтижелерге қол жеткізген ұстаздарды анық­тап, олардың іс-тәжірибелерін көпшілікке кеңінен тарату. Осы ретте өткізіліп жатқан байқаудың көрсеткіші, нәтижесі де көңіл қуантарлықтай. Бұл байқау, ең алдымен, ұстазға қанат бітіреді. Оның еңбектеніп, алға қарай қадам басуына сенім білдіреді. Білімі дамыған жапон халқынан көп нәрсе үйренуіміз керек.

 

Мәселен, жапондар «Үш қадам шегін, бірақ ұстаздың көлеңкесін баспа» дейді екен. Ұстаздарды «ұлттық құндылық» деп құрметтейтін де осы халық. Бұл елде ұстаздар «сэнсей», яғни «ұстаз» деген төсбелгі тағып жүреді екен. Мұндай төсбелгі таққан кісіні көргендер қолын төсіне қойып, шегініп жол беріп, құрақ ұшатын көрінеді. Қысқасы, ұстазды бүкіл қоғам болып қастерлейді екен. Педагогикалық ғылымдар академиясы, басқарма төрағасы, академик, білім саласының білгірі Асқарбек Құсайынов осындай тамаша үрдісті біздің жүйеге де енгізіп, «Үздік ұстаз» деген жазуы бар төсбел­гіні, куәлік пен сертификатты байқау жеңімпаздарына табыс етіп келеді.

Арнайы Өскемен қаласында жасал­ған төсбелгі ұстаз еңбегіне берілетін бағаның бір нышаны іспетті. Жақында «Үздік ұстаз» байқауы бесінші мәрте өтіп, оған Астана қаласымен Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қа­зақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының мұғалімдері қатысты.

Алматы қаласындағы Әуезов, Алмалы, Алатау, Бостандық, Медеу аудандарының атынан қатысқан 33 үміткерлер:

Гүлсім Абдалиева, Бекзат Баймұра­това, Жаңагүл Бекішева, Эльмира Есем­бек, Үмітжан Жалғасбаева, Орын­күл Ізбасқанова, Заря Ысқақова, Мұрат Құдаманов, Жұлдыз Қаныбек, Ғалия Қошқарбаева, Раушан Ноғайбаева, Ақмарал Сағымбаева, Жакен Садықова, Зарина Самекова, Әсел Тұмабаева, Ма­рат Увалиев, Райхан Өтепова, Татьяна Кулешова, Клара Аясханова, Наталья Пасечникова, Татьяна Габрильян, Қуат Райымбеков, Жаңылхан Нүсіпжанова, Гүлмира Иманбаева, Маржан Таутенбаева, Алма Сеиди­кенова, Ақмөр Далибаева, Айжан Бекетова, Света Кужакова, Шолпан Әбішева, Күлшат Момбаева, Жанат Сау­ғабаева, Жанна Бекбосынова жеңімпаз атанып, «Үздік ұстаз» атанды. Жеңімпаздарға төсбелгі­мен бірге олар­дың аналитикалық есеп­тері жазылған жинақтары қоса табыс етілді. Келесі байқау сәуір айының басында өтеді деп жоспарланып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *