Үздік өнімдердің көшіндегі кәсіпорын

Бүгінде алматылық қыз-келіншектердің тоңазытқышынан табылатын бірден-бір өнім – Цин-Каздың қызанақ пасталары мен балалар­дың сүйіп жейтін кетчуптері. Кар­топпен тұздықтап жейтін қызыл кетчуп­тердің сыртын­дағы «Қазақстандағы №1 кетчуп» деген жазуға көзіміздің де үйренге­ніне көп болды. Үш жылдан бері оның қатарына соя тұздығы мен салаттары да қосылды.

Тұтынушыларының сеніміне кіріп, олардың көңілінен шығып жүрген осынау өнімнің нарыққа шыққанына қанша жыл болды және олардың тағы басқа қандай өнім­дері бар, олардың шикізаты қайдан алынады? Шаһардағы әрбір супермаркет желісінің сөрелері мен үй алдындағы шағын дүкендердің өзінен табылатын Цин-Каз компа­ниясы шығаратын өнімдердің құрамы қандай?

Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір мұсылман баласы аузына түскен астың неден жасал­ғанын, оның шикізатының қандай жолмен алынып жатқанын және оның сапасының қай деңгейде екенін білуге құқылы әрі денсаулығы үшін білуі маңызды.

Осы мәселелерді ескере келе, оқырман­дарды Цин-Каз компаниясының жұмысы­мен таныстыруды жөн көрдік.

Жеміс-жидек пен көкөністерді қайта өңдеп, консервілейтін «Цин-Каз» кәсіпор­ны өз жұмысын сонау 1998 жылы бастаған. Ол кезде кәсіпорын күніне жобалық қуаты 25 тонна болатын қызанақ өнімдерін құю мен қаптауды ғана қолға алды. Өндірісті ары қарай дамыту үшін сол жылдары шетелдік инвесторлар тартылады.

2000 жылы кәсіпорын ең алғашқы өнім ретінде әйнек құтыдағы кетчуп пен қыза­нақ пастасын шығарады. Ал 2002 жылы «Қазақ­стандағы жыл таңдауы» байқауында өнімнің жоғары сапасы «Қазақстандағы №1 кетчуп» сертификатын ұтып алуға мүмкіндік берді.

2004 жылы шикізат пен дайын өнімнің сапасына бақылау жасау үшін кәсіпорын­ның өндірістік лабораториясы аттестация­дан өтеді. Лаборатория анализ жасауға ар­налған зама­науи құрылғылармен жабдық­талған.

Кәсіпорын 2006 жылы жеміс-жидек, көкөніс өңдейтін кәсіпорындардың арасында тұңғыш рет халықаралық сапа стандартын енгізеді.

Ал халықтың сұранысы мен қажетін білу үшін компания 2007 жылы нарыққа жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесінде тұздал­ған қияр мен қызанақ, қара қарақат пен таңқурай тосабы және «Кобра», «Сацибели» қызанақ пастасын шығара бастады.

2011 жылы «Цин-Каз» кәсіпорны Алма­тыдағы XІ қысқы Азиада ойындарына демеушілік көрсетті.

Аталған кәсіпорын шығарып отырған өнім­дерді бүгінде еліміздің тұрғындарынан бөлек, Ресей мен Қырғызстан елдері де тұтынуда.

Бүгінде бұл кәсіпорында 134 адам жұмыс істейді. Маусым бойынша істейтін 90 жұмыс­шы бар. Төрт жылдан бері кәсіп­орын «авто­маттандыру, жаңғырту және өндірісті кеңейту» бойынша бизнес-жоба­ны жүзеге асыруда. Сол жоба аясында «Цин-Каз» кәсіпорны елімізде тұңғыш рет соя тұздығын өндіретін болды. Яғни үш жылдан бері соя тұздығы мен көкөніс салаттарын шығаратын цех жұмыс істеуде. Халық арасындағы жоғары сұранысқа орай шығарылған классикалық, аз тұздал­ған және сарымсақ қосылған ащы соя тұздығы нарықта өз орнын тауып үлгерді. Оның шикізаттары елімізде өндірілмей­тіндіктен, Қытайдан жеткізіледі. Ал кө­көністерден жасалатын салаттың шикізаты түгел жергілікті шаруа­шылық фермала­рынан алынады.

2012 жылы өткен «Қазақстандағы Жыл таңдауы» байқауында кәсіпорынның шығара­тын қызанақ пастасы үздіктердің көшін бастап «Қазақстандағы №1 қызанақ пастасы» серти­фикатын жеңіп алды.

 

Дайындаған – Әсел ДАҒЖАН.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close