Затты несиеге алуға болады

Несиеге (рассрочкаға) немесе кредитке ұялы телефон алуға бола ма?

ЕРБОЛ.

 

Ислам шариғаты бойынша әлдебір затты несиеге алуға болады. Тіпті, затын несиеге сататын кісі оны нақты ақшаға сатқандағы бағасынан қымбатырақ сатуына құқылы. Ең бастысы, несиеге сататын заты меншігіндегі дүние болуы тиіс, бағасы нақты келісіл­ген болуы ләзім және өсімпұл тағайындалмау керек.

Бірақ Исламдағы несиеге зат алу мен біздің елдегі несиеге зат алу ұғымы арасында үлкен айырма­шылық бар. Исламда ол – біреудің меншігіндегі затты бөліп төлеуге не белгілі уақыт ішінде бір-ақ төлеуге алу дегенді білдірсе, біздің елдегі ұғымда ол – тауар алу үшін банктен несие рәсімдеу дегенді білдіреді. Яғни банк өзінің меншігіндегі емес ұялы телефонның құнын сіздің орныңызға дүкенге төлеп, кейін оны сізден айма-ай белгілі мөлшерде үстеме ақысымен алып отырады. Бұл – процентке қарыз беру деген сөз. Исламда қарыз беру – харам.

Сондықтан да біздің елде тұрмысқа аса қажетті заттарға ақшасы жетпей жүрген кісіге мәжбүрлік себепті несиеге алуына рұқсат деуге болады. Мы­салы, тоңазытқыш, т.б. Ал сенсорлы телефон сияқ­ты аса қажетті заттар санатына жатпайтын дүние­лерді банк арқылы несиеге алмаған жөн.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім.

 

Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *