Өзара түсіністік пен келісімнің ордасы

548Кеше Астанада Қазақстан халқы Ассамблеяның ХХІ сессиясы өтті

«Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар.Бүгінгі сессияның өзегі – бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болуымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып, ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім – бәрінің тамыры мәдениетте»

549Алмас БАЙДРАХМАН, Астана

Оның жұмысына ҚХА-ның мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссия басшылары, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шет елдерден келген қонақтар қатысты.

Елбасы Н.Назарбаев барша отандастарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 21-сессиясының ашылуымен құттықтай отырып, «Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті мәңгілік болуы керек», – деді.

— Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар. Бүгінгі сессияның өзегі – бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болуымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып, ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім – бәрінің тамыры мәдениетте, – деді Н.Назарбаев.

547Мемлекет басшысының пайымынша, 21-ғасырдың ең басты заңы – татулық. Татулық пенен тыныштық арқылы экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты күшейеді, бейбітшілік орнайды.

Елбасы өзінің баяндамасында: «Біздің бірлігіміз – жаңа 2050 Стратегиясын іске асырудың өзекті факторы», – деп мәлімдеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының және мемлекет Конституциясының 20 жылдығы мерейтойына байланысты Елбасы 2015 жылды «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялады және Үкіметке Ассамблеямен бірлесіп Қазақстан халқы Ассамб­леясының жылы  және Конституцияның 20 жылдығы мерейтойын өткізу бойынша ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Астана қаласында Қазақстан халқының форумын өткізуді тапсырды.

Президент Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме құру, сонымен қатар, Ассамблеяның аймақтық құрылымдарын күшейту бойынша тапсырмалар берді.

2015 жылды «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» атты ұранмен өткізуді, сондай-ақ, «Экспо-2017» көрмесін өткізгеннен кейін нысан­дарының  бірін астаналық Достық үйіне беруді көздеу туралы тапсырып, Н.Назарбаев Астана қаласына ерекше көңіл бөлді.

Сонымен қатар, Үкіметке «Жасыл Ел» бағдарламасын бұдан әрі дамыту бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды.

Сессия барысында Елбасы мемлекет­тік награда – Сочи қаласында өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге «Құрмет» орденін және Ассамблея мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі»  наградаларын тапсырды.

Ассамблеяның ХХІ сессиясы үндеу қабылдады. Онда Ассамблея республика халқын ел бірлігі мен тұрақтылықты нығайтуға, экстремизмге, надандыққа және зорлыққа бірлесіп қарсы тұруға шақырады, сонымен қатар, Қазақстан Президентінің салиқалы саясаты, оны бүкіл халықтың қолдауы, ұлыстың ұлы мақсаты – елдің гүлденуі үшін топтасуы – Отанымыздың кемел болашағының кепілі бола алатынына сенім білдірді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *