ЗАҢСЫЗ ШЛАГБАУМ

орнатқан 30 адам айыппұл тартты

Қаламызда заңсыз шлагбаум қоятын адамдар азаймай тұр. Жыл басынн бері Медеу ауданында заңға мойынұсынбаған 30 тұрғынға айыппұл салынды. Заңсыздыққа қалтасы қалың кісілер баратын көрінеді. Ондай адамдар үшін шлагбаум қою «мазамды алма» дегенді білдірсе керек. Экологиялық  инспекция аудандағы бірнеше қондырғыны қиратып, оның иелеріне хаттама толтырылды.
– Шлагбаум, қоршау темірлер алынып тасталуда. Бәрін алып тастаған соң арнайы түсіндірме жұмысын жүргіземіз. Айыппұл салу қарастырылуда, –  деді Медеу аудандық экология инспекциясының аға кеңесшісі Аслан Баймұратов.

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *