Заңсыз бой көтерген дәмхана алынып тасталды

Алматы қаласының орталығындағы заңсыз салынған дәмхана алынып тасталды. Сот орындаушылардың мәліметінше, «Apple Bar» дәмханасының жалпы ауданы 400 шаршы метр. Әуезов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан бір қабатты ғимаратты сот заңсыз салынған деп тапқан.

«МЖК пром» ЖШС-на қатысты өндірістік іс 2018 жылдың 28 қыркүйегінде қозғалған болатын. Содан бері серік­тестіктің басшылығы сот шешіміне сәйкес, ғимаратты өзі бұзатыны туралы хабарлап келген. Алайда, ол уәдесінде тұрмады. Сол себепті, заңды тұлға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 670-бабында қарастырылған әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлады қалалық Әділет департамен­тінің бөлім бастығы Мейіржан Тәңкібаев.

Сонымен қатар, міндетін орында­мағаны үшін аталған серіктестікке 50 АЕК (126 250 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *