Зағип ақынның кітабы жарық көрді

Жуырда біздің зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада танымал сөз шебері, мерзімді басылымдардағы көптеген жарияланымның, бірнеше публицистикалық және прозалық кітаптардың, поэтикалық жинақтардың, аудармалардың авторы, Ресей Журналистер одағының мүшесі, зағип ақын Роза Ахтямованың «Свияжск – остров любви» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Роза Ахтямова бірнеше рет «Филантроп» халық­аралық конкурсының номи­нанты (2004 жыл және 2006 жыл),  әдеби кон­курстардың лауреаты («Қа­зақстан әдебиеті – 2000», «Наша жизнь» журналы: ВОС 80 жыл­дығына (2005 ж.), «Му­жеству жить!» (2006), «Теплый Север» (2007 ж.), «Золотое  перо  Руси» (2008 ж.) мәдениет сала­сындағы жыл сайынғы аймақтық сыйлық) болған қаламгер.

Мәдени іс-шара бары­сында ақын, жазушы, аудар­машының өмірінен сыр шертетін бейне­сюжеттер көрсетіліп, оқырмандар назарына ұсынылды.

Өмірдің кез-келген сынақ­тарына қарсы тұрып, жығылса да қайта тұрып, шаршамай, шалдықпай, тынбай жүріп келе жатқан зағип ақын кітапхана оқырмандарымен сырлы сұхбат құрып, ішкі сыр­ларымен де бөлісті. Ақын өмірге тек шабытпен қарау керектігі жайлы айтып, баға жетпес өмірдің құнды­лығын бағалай білуге шақырды.

Кеш соңында  кітапхана­мыздың директоры Бай­ұзақов Асхат Құсайынұлы ақынды сиясы кеппеген жаңа туын­дысымен құт­тықтап, Ә.Кекіл­баевтың «Аңыздың ақыры» атты аудиодискісін сыйға беріп, шығармашылық табыс, сар­қылмас шабыт тіледі.

 

Жансая ҚОСМЫРЗА,

     зағип және нашар көретін азаматтарға

     арналған республикалық кітапхана қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *