Заңгерлер тұрғындармен кездесті

Шаһарда өткен «Заңгер кеңес береді» атты республикалық акция аясында қала тұрғындары шешілмей жүрген түйткілді мәселелеріне орай мамандардан заңдық кеңес алды.

Әсел ДАҒЖАН

Тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейтін бірегей шараның баста­машысы – «Nur Otan» партиясы. Акция кезінде тұрғындарға қалалық әділет департа­менті, нотариалдық палата, адвокаттар алқасының өкілдері кеңес беріп, түйінді мәселелердің шешу жолдарын көрсетті.

–       Негізгі мақсат – келіп жатқан азамат­тарға дәл осы жерде құқықтық көмектер беру. Түрлі жастағы тұрғындар қуана-қуана келіп, көмек алуда. Бізге «Азаматтарға арналған үкімет» те қолдау білдіріп отыр. Таңнан бері адам аяғы үзілген емес. Бір сағаттың ішінде отыздан астам тұрғынға кеңес беріп үлгердік. Көпшілігін әлеуметтік мәселелер алаңдатады, оның ішінде банк несиесін жабу, тұрғын үй баспаналарын заңдастыру секілді сұрақтар, – деді Алматы қалалық партия филиалы қоғам­дық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Эльвира Рамазанқызы.

Ұйымдастырушылар құқықтық көмек сұраған азаматтарға партия филиалдарының және қажетті мамандардың телефон нөмірлерінің қоса берілгенін айтты. Азаматтар кейін құқықтық көмек нәтижесінде мәселесінің шешімін тапқаны немесе таппағаны жайында қайта хабарласа алады.

–       Салыстырмалы түрде қарасақ, халық­тың құқықтық сауаттылығы жылдан-жылға артуда. Бұрындары көп нәрсені білмейтін. Қазір заңды біледі, тек кейбір ішінара мәселелер бойынша нақты көмек сұрайды. Қазір қандай да бір жаңа заң қабылданса, орталық мемле­кеттік органдар арқылы халықты ақпараттан­дыру жылдам жүргізіліп жатыр. Әрі газет, телеарна, әлеуметтік желі арқылы құлағдар болып отыр. Сондықтан көпшілікпен түсінісу қазір оңай, – деді Э.Рамазанқызы.

Айта кетейік, бұл шара алдағы уақытта да ұйымдастырылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *