ӨЗ ПІКІРІҢ – ҮЗДІК ПІКІР

«Алматытелеком» ӨТД-да «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасымен болған сұхбатта ең үздік пікір авторы марапатталды

«Алматытелеком» ӨТД-да «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен болған сұхбатта   ең үздік пікір авторы марапатталды. Жарыстың жеңімпазы Әнуар Досмағамбетовке жаңа «Ultra A» спорттық тарифін бір жылға тегін пайдалануға сертификат берілді.

Еске сала кетейік, блогер Бейбіт Әлі­бековке берген сұхбатында «Қазақ­телеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев екі ұялы байланыс операторын сатып алу бойынша сәтті транзакциялар, байланыс шығындары және 5G-дің Қазақстанда пайда болуы, ауылдық елді-мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамта­масыз ету туралы, сонымен қатар  елімізде киберспорттың өсу қарқыны туралы айтқан болатын. Сұхбат соңында Қуанышбек Есекеев кибер­спорт туралы ең үздік пікір бойынша байқау болатынын жариялады. Жеңімпазды марапаттау ретінде жыл сайынғы спорттық «Ultra A» тарифі анықталды.

– «Алматытелеком» ӨТД бас дирек­торы Шерхан Раздықовтың айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ элект­ронды спорт­тың перспек­тива­лық дамуына үлкен қолдау көрсетеді. «Электрондық спортқа жас ұрпақтың қызығушылығы артып келеді, өйткені бұл пән ойын-сауық ме­диасының элементтерін бәсекелес­тікпен біріктіреді. Біраз уақыттан бері  жастардың көңіл көтеруі мамандыққа айналды. Жарыстарға қатыса отырып, жастар үлкен жетістіктерге жетіп, жергілікті және халықаралық турнир­лерде ақша табуда. Ыңғайлы ойын үшін сапалы байланыс қажет, сондықтан ойын­шыларға Интернетке қосылу жыл­дам­дығы кем дегенде 100 Мбит/с болатын тарифтерді таңдауға кеңес беріледі, – деп атап өтті Шерхан Раздықов.

Сонымен, «Қазақтелеком» АҚ «Ultra A» жаңа қызметтер топтамасын 500 Мбит/с-қа дейін жылдамдықпен, ІP-теледидарды, тіркелген және ұялы байланыстарды қамтамасыз етеді.

– «Мен «Қазақтелекомның» қызмет­терін көптен бері қолданамын және интер­нетті тек сапасы үшін таңдаймын. «Алма­тытелеком» ӨТД-ның барлық қыз­меткер­леріне тамаша жұмысы мен көрсеткен қызметі үшін алғысымды білдіремін, – деді жеңімпаз Әнуар Досмағамбетов.

«Ultra A» тарифі және басқа да таны­мал, тиімді тарифтер туралы «Алматы­телеком» ӨТД сату өкіл­дерінен, филиалдық желінің нүкте­лерінен, компания веб-сайтынан немесе 160 нөмірінен білуге ??болады (қоңы­рау шалу тегін).

 

Әсел ӘБІЛДАЕВА,

«Алматытелеком» ӨТД қоғаммен байланыс қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *