Әз-Наурызда ұлттық құндылықтар ұлықталды

«Құлагер» ықшамауданындағы «Гүлдер» саябағы нағыз қазақы ауылға айналды. Қаздай қатар тігілген он киіз үйдің маңдай­шасында әр ауылдың аты көрсе­тілген. Әдемі сырмақ төселген киіз үйдің іші ұлттық нақышқа толы. Барша аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтаған Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев ыстық ықыласын білдірді.

– Бүгін күн мен түннің теңеліп, Самарқанның көк тасы еріген күн. Осынау әз-Наурыз әрбір отбасына береке-бірлік, зор денсаулық, құт ала келсін, – дей келіп, сәбидің тұсауын кесті.

Қашаннан жақсыны ырым­даған халық емеспіз бе?! «Жас сәби болашақта ел үмітін ақтап, халқына қызмет етсін. Еліміздің көркеюіне өз үлесін қосатын азамат болсын! Ең бастысы, дені сау, ғұмыры ұзақ болсын», – деген ақ шашты әжелердің батасын алған сәби қадамын нық басып, шапқылай жөнелді.

Әдемі ән мен күмбірлеген күй кернеген «Құлагер» ықшам­ауданындағы Наурыз той бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *