Әз-Наурызда Алматыда 60 тонна көже мен бауырсақ таратылады

Биыл өтетін күн мен түннің теңелу мерекесінде әркімнің-ақ қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татуына болады. Баршаға дәстүрлі мерекелік тағамдар  – көже мен бауырсақ таратылады.  

Наурыз мерекесінде қала тұрғындарын дәмді көжемен тойдыруға Алматы қаласының пәтер иелері кооперативтері де атсалысатын болды. Науқан мереке кезінде, яғни 22 наурыздан бастап, тура бір айға, 21 сәуірге дейін жалғасады. Жоспар бойынша барлығы 60 тонна көже мен бауырсақ таратылмақшы.

Мереке күні қаланың жеті ірі айма­ғында халық серуендері өтпек. Онда келу­шілер ұлттық дала ас­хана­сының өзге де тағам­дарынан дәм тата алады. Алма­тының 40 мей­рам­ханасы өздерінің үздік фирмалық тағамдарын ұсы­натын көше бұрыш­тарын ұйымдастырады. Мейрам­ханалар арасында көпұлттық тағамдарды даярлауды кәсіп еткендер де болады.

Айта кетсек, мерекелік күндер нау­рыздың 21-інен 24-іне дейін жалғасып, Алматыны ашық аспан астында өтетін фес­тиваль үлгісіндегі мерекесімен өрнектел­мек.

Тағы бір еске сала кетейік, халық серуендері қаланың 7 жерінде қатар өтеді: 

22, 23 наурызда – Астана алаңында;

21 – 24 наурызда – Панфилов, Жібек жолы көшелерінде;

22 наурызда –  «Halyk Arena» мұз сарайында;

22 наурызда –  «Алматы Арена» мұз кешенінде; 

22 наурызда –  «Атакент» ҚІЫО;

23 наурызда – «Сұңқар» Халықаралық трамплиндер кешенінде.

«АҚШАМ»-АҚПАРАТ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *