ӨЗ ҮЛЕСІМДІ ҚОСЫП ЖҮРМІН

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғал­ған мәселелермен қолға алынатын бастамалар білім беру саласының  қызметкерлерінің де жұмыс бағытын тағы да бір нақтылап берді. Бұл жаңа заманның өткеліне табан тіреп тұрып, білімді ұрпақ тәрбиелеп, бұрынғы тамырымызды тектілікпен бекемдеп, жүйелеу жолындағы өзекті бастама деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, Елбасы өз мақаласында бола­шағымыздың ертеңі болатын бүлдіршін­дерді заман талабына сай  тәрбиелеудің жолдарын нұсқап, тұжырымды ой айтты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл басын­дағы халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағдар­ла­маларымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы  бағыт-бағдар болатыны сөзсіз.

Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдар­ламалық мақалаларының тұжырымдарын жүзеге асыру мақсатында «XXІ ғасырдағы ұлттық сана және  білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» тақырыбында қала­лық педагогикалық оқуларын өткізген еді. Бұл оқулардың ерекшелігі – араға 17 жыл салып қайта жаңғырып  отырғандығында.

«Педагогикалық оқулардың» салта­натты жиынында Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Г.Ходжабер­генова жеңімпаз ұстаздарды құттықтап, педагогтерге инновациялық  тәжірибе­лері­мен  бөлісудегі белсенділігі үшін алғысын білдіріп, игілікті істеріне шығармашылық табыс тіледі. «Педагогикалық оқулардың» қорытындысы бойынша №67 бөбекжай-балабақша  тәрбиешісі Майра Талқы­байқызы ІІІ дәрежелі дипломмен мара­патталды.

Жеңімпаз ретінде «Жүн өңдеу» техно­логиясы атты жобам қалалық   ғылыми-тәжірибелік конференция – «Педаго­гикалық оқулар»  баяндамалар жинағын­да  жарық  көрді. Сонымен қатар,  Қазақ­стан Республикасы Білім  және ғылым  министрі  К.Шәмшидиновадан «Қазақ­стан  Республикасының  Білім  беру  жүйесін  дамытуға  қосқан  зор  жеке  үлесі  үшін» деген   Алғыс  хатымен  марапат­тал­дым. Жалғасын тауып жатқан  жарқын істердің жүзеге асуына  әр адамның үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.

 

Майра БІРІМҚҰЛОВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *