«Өз денсаулығым – өз қолымда»

%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған  Қазақ онко­логия және радиология ғылыми-зерттеу институты мен «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресеміз» қоғам­дық қорының ұйымдастыр­уымен    журналистерге арналған баспасөз мәслихаты және «Есентай молл» сауда және ойын-сауық орталы­ғында   «Менің қолымнан келеді, біз жеңеміз!»  атты қайырымдылық акциясы өтті.  

 

Баспасөз мәслихаты барысында институт директоры Дильяра Хайдарова республика бойынша қатерлі ісікке шалдыққандардың саны және оларға көрсетіліп жатқан онкологиялық көмектер туралы,  ғылыми зерттеу институты ма­мандарының жетістіктерімен, жаңалық­тарымен таныстырып өтті. Жақында ғана мүмкіндіктері жайында әңгімелеп берді. Сол күні кешке   «Есентай молл» сауда және ойын-сауық орталығында эстрада әншілері қайырымдылық концерт ұйым­дастырып, қала тұрғындарының қатыс­уымен «Өз денсаулығым – өз қолымда»  атты тақырыпта флешмоб өткізді.  Инс­титут басшылары  еліміздегі онколо­гиялық ауруарды емдеудің жаңа тәсілдері, осы дертті өзінің рух-жігерімен жеңіп шыққан адамдар туралы жазған журна­листер еңбегіне жарияланған байқаудың қоры­тындысын шығарып, жеңімпаздарды заттай және ақшалай сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапаттады.  Сонымен қатар, институт басшылығы сол күні журналистерді тегін дәрігерлік тексеруден өткізіп,  денсаулықтарына көңіл бөлуге уақыт таппайтын журна­листер қауымына өз денсаулықтарына бір сәт көңіл бөлулеріне мүмкіндік берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *