ҚЫЗЫЛ СУҒА АРНАЛҒАН КАНАЛИЗАЦИЯ

Шаһар басшысы Алатау ауданында болып, жаңашыл жобалардың іске асуымен танысты

26Нұрлан СҮЙІН

Алматыда ағын су тұрақтамайтын болады

Қала әкімі Б.Байбекке шаһардың «Шаңырақ» ықшамаудандарында қолға алынған дренаждық жүйе құрылысы таныстырылды. Жаңашыл жобамен салынып жатқан дренаждық арық жүйесі жауын суы, көктемдегі қызыл судың қандай мөлшері болса да өткізе алады дейді мердігерлер.

Биыл Алматы тасқын судың зардабын көп көріп отыр. Толассыз нөсер мен күннің ыстығынан еріген тау қарының қызыл суы Алматының етегіндегі елді-мекендерді алып кеткен оқиғалар орын алды. Осыған орай, төмендегі «Шаңырақ» ықшамаудандарында заманауи дренаждық жүйе жасау қолға алынды.

Шаһар басшысы қызыл суға арналған канализация жүйесінің іске қосылған тәжірибе учаскесінде болып, жұмыс барысын көрді. Жұмыстарды «Мемлекеттік жекеменшік серіктестік» негізінде қалалық мәслихат депутаты Әміржан Нәбиевтің басшылығындағы «Атрикс Строй» ЖШС қолға алған. «Атрикс Строй» басшысы барлық заманауи технологияны пайдаланған дренаждық жүйе қандай мөлшерде болса да су өткізуге қауқарлы болады дейді.

– Біз құрылыста құбыр желісінен бас тартып, астау-арық желісін пайдалану дұрыс деп шештік. Түрлі қоқысқа толып, бітеліп қалмайтын мұндай жүйе кез-келген көлемде ағын су өткізе алады, – дейді Ә.Нәбиев.

Жаңашыл жүйе құрылысы жауын-шашынды күз айларына дейін бітеді дейді құрылысшылар. Көктемдегі су басу оқиғаларынан кейін сыннан қорытынды шығарылып, жаңа жүйе құрылысы қолға алынғанына көңілі толған қала әкімі жаңа жобалардың жүзеге асырылуын жалғастыруды тапсырды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *