ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІГІ БОЛҒАН ЕМЕС

9Әр екі жыл сайын әлемнің үздік қалабасыларына (мэр) арнайы сыйлық беріледі. Қазірден бастап «Әлем мэрі-2016» атағына үміткерлер тізімі ұсынылып жатыр. Ал, жеңімпаз 2017 жылдың қаңтар айында мәлім болады. Ендігі жерде осы сыйлықтан аса үмітті емес шаһар басшылары туралы айтайық.

Лондон мэрі Борис Джонсон ең шулы басшы ретінде естен кетпес болар. Ол 2008 және 2012 жылдары екі мәрте Лондон мэрі болып сайланды. Ол қалабасына тән емес түрлі әрекеттерімен есте қалды. Ресми сөйлегенінің өзі дөрекілеу шығып жатады. Ол өзінің саяси мансабын бастағанда журналист еді. Әлі күнге дейін Дейли телеграфта өзінің арнайы бағанасы бар. Және ай сайын 20 мың фунт шамасында қаламақы алып отырады. Сондай-ақ, Джонсон мырза шаһарға велосипедші ретінде аса танымал. Онда қызметтік көлік деген болған емес. Қызметке екі аяқты серігімен келеді. Қаланы басқару кезінде көше бойында жалға беретін велосипед алаң­қайларын көбейтті. Оның тұрақтарын қаланың кез-келген бұрышынан табуға болады және қалаған адам жалға алып жүре беруі еш қиындық тудырмайды. Күзетсіз жүретін ол көшеде жасөспірімдермен бірге трюк жасауға еш қымсынбайды. Үнемі велосипедпен жүретін болғаннан кейін қалада түрлі оқиғаларға да тап болып жатады. Бірде ол белгілі кинодокументалист Френки Армстронгты қиын жағдайдан құтқарып қалды. Үйіне жақындап қалған әйелді қыздар қоршап алып, тонамақшы болады. Қасынан өтіп бара жатқан мэр қыздарға «Сендер не істеп жатырсыңдар?» деп айқай­лайды. Әлгілер қашпақ болғанда қолына арматура ұстаған бұл да оларды қуа жөнеледі. Артынан орнына қайтып келіп, жәбірленушіні үйіне дейін шығарып салады.

Сондай-ақ, мэр қоғамдық көліктерде ішімдік ішуге де тыйым салдырды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *