Қызмет түрлеріне қолжетімділікті арттыру – заман талабы

 

Осы 20 жыл ішінде республикамыз да, мемлекеттік қызмет органдары да өз дамуында көптеген белестерден өтіп, бүгінгі күні әлемді өзінің саяси, мәдени, әлеуметтік жетістіктерімен, жеңістерімен танытқан Мемлекетке және институтқа айналды.

Мемлекеттік қызмет құрылымына Қа­зақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сол кездегі Мемлекеттік сани­тариялық-эпидемиологиялық қадаға­лау комитеті өзінің аумақтық орган­дары­мен кірді. Бүгінгі күні Қазақстан Рес­пуб­ликасы Денсаулық сақтау министр­лігінің Мемле­кеттік санитариялық-эпиде­миоло­гиялық қадағалау комитеті Қазақ­стан Республи­касы Денсаулық сақтау минис­трлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау коми­теті  және комитеттің аумақ­тық орган­дары ретінде халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Жаңадан құрылған мемлекеттік қыз­меттердің қатарында Наурызбай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да бар. Атап айтсақ, Қазақстан Республи­касының Мемлекеттік қызметіне биыл 20 жыл болса, Наурызбай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының құрыл­ғанына 3 жыл толды.

Басқарманың құрылған күнінен, яғни 2015 жылғы мамыр айынан бастап басқар­маның қызметкерлерімен халықтың сани­тариялық-эпидемиологиялық салауат­тылығын қамтамасыз ету, тұтынушылар­дың құқықтарын қорғау, қоғамдық денсау­лықты сақтау салалары бойынша жұмыс жүргізіліп, ауданның әлеуметтік-эконо­микалық, құқықтық, мәдени дамуына белсенді үлес қосылуда.

Атап айтсақ, 2015 жылдың 23 шілде­сінде Қарғалы өзенінің су деңгейі көте­рілгендіктен Қарағайлы және Таусамалы ықшамаудандарын ішінара су басуы орын алып, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің аймақтық бөлімшелерінің Азаматтық Қорғаныс дабылы бойынша жиыны белгіленді.

Басқарманың мамандары ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен, қаланың азаматтық қорға­ныс қызметтерімен бірге Қарғалы өзенінің бойында су басу аймағындағы елді мекен­нің зардап шеккен тұрғындарын іздестіру және эвакуациялық, аралап шығу жұмыс­тарын ұйымдастырып, жүргізді. Аралаумен 30 485 тұрғыны бар 650 үй қамтылды, тұрғындар арасында эпидемиялық көрсет­кіштер бойынша 1200 адамға жедел ішек жұқпалары мен «А» вирустық гепатитінің алдын алу үшін иммундық – биологиялық препараттар тағайындалды. Алматы қаласының дезинфекциялық станциясы­мен бірлесе 656 жеке үйлерде, 3 мектепте (№187, 188, 192), 2 үйіндіде дезинфекция­лық өңдеу жұмыстары 27 689 ш.м. аумақта жүргізілді. «Қарағайлы» ықшамауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мақса­тында бөлінген 20 су тасығыш машина­ларындағы судың сапасы күнделікті бақылауға алынды. Қалалық №176 орта мектепте, сонымен қатар Наурызбай аудандық әкімдігінде халықты қабылдау және медициналық, психологиялық көмек, сумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету пункттерінде  жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдасты­рылды.  Қамтамасыз етілген шаралардың нәтижесінде аудандағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қанағат­та­нарлық болып, жедел жұқпалар мен топтық сырқаттанушылық тіркелмеді.

Бүгінгі күні де ауданда халықтың сани­тариялық-эпидемиологиялық саламат­ты­лығын және қоғамдық денсаулықты сақтау, өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындарға халықтың санитариялық-эпи­демиологиялық саламаттылығы саласын­дағы  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көр­сету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады.

Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында, басқармада мемлекеттік қыз­мет алушылардың қалауы бойынша электрондық немесе қағаз жүзінде, қызмет көрсету үшін қажетті қысқартылған құжат тізбесінің негізінде, «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламент­терінің бұзылуына жол берілген жоқ.

Басқарманың мамандары тек қана лауазымдық міндеттерін орындап қоймай, сонымен қатар аудандағы қоғамдық және спорттық шаралардың да белсенді қатысу­шылары. Осы 3 жыл ішінде Наурызбай аудандық қоғамдық денсаулық басқарма­сы­ның қанжығасында көптеген марапаттар жиналған. Атап айтсақ,  басқарманың командалары «Қазақстан Республикасы­ның Тәуелсіздігіне 25 жыл» және Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы қар­саңында аудандық құрылымдық бөлім­шелер қызметкерлерінің арасында өткен спартакиада да І орынға, «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, Наурызбай ауданының құрылымдық бөлішелерінің мемлекеттік қызметкерлері арасында баскетбол добын лақтырудан өткен спартакиада да ІІ орынға, «Астана ЭКСПО–2017» халықара­лық мамандан­ды­рылған көрмесінің аясында және Нау­рызбай ауданының 3 жылдығы қарса­ңында, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру, салауат­ты өмір салты мен белсенді спорт түрлерін насихаттау мақсатында Нау­рызбай аудан­дық медицина қызмет­керлері арасында волейболдан өткен жарыста ІІІ орынға ие болды.

Алматы қаласының дамуына өзіндік үлесін қосып, өзінің білімі мен іскерлігінің арқасында айнала жұртшы­лық­тың шексіз алғысына кенеліп отырғаны үшін және Наурызбай ауданының әлеу­меттік-эконо­ми­калық, қоғамдық және мәдени өміріне белсене атсалысып, елдің ілгерілеуіне бағытталған қажырлы еңбегі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен, «Қазақстан халқы­ның тілдері күні» мерекесіне орай аудан­дық құрылым­дық бөлімшелер қызмет­керлерінің арасын­да «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты аудандық тіл байқауында ІІІ орын алғаны үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Ұлыстың ұлы күні «Наурыз–2018» мере­кесіне орай ұйымдас­ты­рылған іс-шара­дағы, көп ұлтты мемле­кетіміздің саяси-идеялық бірлігі мен татулығы жарасқан ұлттар арасында қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын, тұрақтылық­қа бастайтын мейрамда ұлттық құндылықтар­дың сақталуы мен дамуын жетілдіруге қос­қан үлестері үшін Диплом­мен марапат­талды.

Мемлекеттік қызмет – бұл, ең алдымен, мемлекет саясатын жүзеге асыруға бағыт­тал­ған кешенді қызмет. Мемлекеттік қызмет­шілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қыз­метші осы қағиданы ешуақытта ұмытпауы тиіс.

 

В.КОНЕЕВА,

Алматы қаласы Наурызбай аудандық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

А.ЖҰМАҒҰЛОВА,

ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің басшысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close