Қызмет көрсету кеңінен талқыланды

«Алматытелеком» ӨТД-да жаңа қызметкерлерге арналған «Welcome тренинг» өтті

«Алматытелеком» ӨТД-да 30-дан астам жаңа қызметкер қатысқан «Welcome тренинг» өтті. «Қазақтелеком» АҚ жаңа қызметкерлерінің бейімделуі бағдарламасы аясындағы аталған іс- шараны HR-қызметі ұйымдастырды.

Оның негізгі мақсаты – жаңадан жұмысқа келген қызметкердің өндірістік қызмет талапта­рына, әлеуметтік ортаға, еңбек талаптары мен тәртібіне, нақты қызметтік міндеттерді орындауға тез және табысты бейімделіп кетуіне бағытталған.

Бұл іс-шараға «Алматытелеком» ӨТД-ның құрылымдық бөлімше басшылары мен Алматы қаласы мен Алматы облысының жаңа қызметкер­лері қатысты. Тренингте компания туралы мәліметтер, жетістіктері мен ұсынылатын қызмет түрлері туралы ақпарат айтылып, сонымен қатар кездесу барысында корпоративтік мәдениеттің талаптары мен нормалары тілге тиек етілді.

– Тренингтің басты мақсаты – филиал туралы ақпарат беріп, ондағы ережелерді түсіндіріп қана қоймай, жаңа қызметкерлердің компанияға деген қызығушылығын арттыру, –  деп атап өтті HR- директор Юлия Михайлова.

Сонымен қатар, іс-шараға компанияның жастары­нан құралған  «Жастелеком» ұйымы да қатысты. Олар жаңа қызметкерлерді жастар ұйымының алдыға қойған мақсат-міндеттерімен таныстырып, коммерциялық және техникалық бағыттағы қызметті жақсарту бойынша жаңа тың идеяларымен өзара бөлісті. Тренинг соңында филиалдың бетке ұстарлары жаңа қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Жалпы, мұндай шаралар филиалда жиі өткізіліп тұрады. Олар жаңа қызметкерлерді қысқа мерзімде жаңа ортаға бейімделуіне және өз міндеттерін жақсы орындауға септігін тигізеді.

 

Аймерек САЙЛАУ,

қоғаммен байланыс қызметі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *