ҚЫЗ ЖІБЕК ПЕН ТӨЛЕГЕНГЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛАДЫ

2018 жылғы 19 қараша мен 19 желтоқсан аралығында Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс жариялайды.

  1. Конкурстың мақсаты

«Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің сұлбалық жобасына  өткізілетін ашық шығармашылық конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияға ұсыныс енгізу мақсатында көркем сәулеттік-мүсіндік композиция жасау арқылы «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің үздік тұжырымдамалық мүсіндік-көркемдік шешімін анықтау.

  1. Конкурстың бағдарламасы

Ескерткіш «Қыз Жібек»  лиро-эпостық дастанының,  Е.Брусиловскийдің  «Қыз Жібек» операсының  идеялық  мағынасын, көркемдік образдық мазмұнын кеңінен ашуы, айна­ладағы сәулеттік және ландшафтық көрініспен үйлесуі, мәңгілік құндылықтар – ерлік пен махаббатты мадақтауы тиіс. Жобада ұзақ мерзімге төзімді материалдар (мәрмәр, гранит, қола және т.б.) қарастырылуы керек.

Төлеген мен Қыз Жібектің қарама-қарсы орналасқан мүсіндері Абай атындағы Мем­лекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараттың қасбетін жаппауы тиіс. Мүсіндердің екі арасындағы аумақта құрғақ субұрқақ жұмыс істеп тұратынын ескеру қажет.

Ескерткіштің орналасатын орны: Алматы қаласы, Алмалы  ауданы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алды.

  1. Конкурстың шарттары

Конкурсқа жеке авторлар және авторлық ұжымдар қатыса алады. Конкурстың өткізілуі: 2018 жылғы 19 қараша мен 19 желтоқсан аралығы. Жобалар 2018 жылдың 19 желтоқсанынан кешіктірілмей мына мекен-жайға: 050000, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қала­сы Мәдениет және архивтер басқармасы, 444-каби­нетке тапсырылады.

Басқа қалалардағы авторлар жобаларды белгіленген мерзімінен кешіктірмей пошталық түбіртек нөмірін алдын-ала хабарлай отырып, Алматы қаласы, Мәдениет және архивтер басқармасының мекен-жайына жібереді. Конкурс жобалары алты таңбалы санмен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран конкурсқа ұсынылған жоба материал­дарының, сондай-ақ,  конверттің  оң жақ бұрышына жазылады (биіктігі 1см.). Желімделген ұрандық конвертте  автордың аты-жөні мен мекен-жайы  көрсетіл­ген  ақпараттық парақ салынады.

Қысқаша түсініктеме жазба ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйым­дастыру қағидалары және негіз­гі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді «Tіmes New Roman» қарпімен бірінші жол аралығымен басылған 2 парақ­тан аспайтын мәтіннен тұратын 2 данада ұсынылады.

Конкурстың қорытындысы бойынша Алматы қала­сының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы  шешім қабылдайды.

Конкурс шарттары сақталмай ұсынылған жобалар конкурсқа жіберілмейді және Комиссияда қаралмайды.

 

  1. Конкурстың жоба ұсыныстарының құрамы және ұсынылатын материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

 

  1. Ескерткіш

(мүсіндік туынды) эскизі                      масштабы   1:10.

  1. Бас жоспар

(схемалық жоспар)                                масштабы   1:200.

  1. Ескерткіш (мүсіндік

туынды) 2 фасады,

1 перспективасы                                                       масштабы   1:20.

  1. Түсініктеме жазба

Жобалар 60х80 см. көлемдегі планшетте беріледі. Графикалық орындау әдістері макеттің түсі, техникасы және материалы авторлардың қалауы бойынша орын­далады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 272-11-09 телефоны  арқылы алуға болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *