ҚЫЗ – ұлтымыздың ұяты

ұятыдесек те, бүгінде қыз тәрбиесіне немқұрайлы қарап отырған жәйіміз бар.  Оған Алматы қаласы әкімі жанындағы Әйелдер ісі, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында қаралған мәселелер  арқылы көз жеткізуге болады. Нұржамал БАЙСАҚАЛ

 

Қыз – ұлтымыздың ұяты, ол болашақ ұрпақ тәрбиешісі дегенімізбен, қазіргі уақытта қыздарымызға баяғыдай қырық үйден тыйым жасап, қатаң тәрбие бере алмай отырған жәйіміз бар. Оған күнде­лікті орын алып жататын жайсыз жағдай­лар, қыз баласына тән емес жаман әдет-дағдылардың үдеп бара жатқандығы дәлел бола алады.  Статистикалық мәлі­меттерге жүгінсек, бүгінде қыздар шылым шегуден ер-азаматтардан озып отыр. Ішімдік ішуден де, қылмыс жасаудан да   кейін қалып тұр­ған түрлері жоқ. Осыған қарап, ұлтымы­зы­дың болашағы не болар екен деп алаң­дауымызға негіз жоқ емес секілді.

Алматы  қаласы әкімі жанындағы  қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев жетекшілік ететін Әйелдер ісі, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссия  мүшелері өздерінің кезекті отырысында  жасөспірім қыздар мен мүмкіндігі шектеулі  әйелдердің  денсаулығын  жақсарту мәселе­сімен қатар, жасөспірім қыздардың  тәрбие ісіне де көңіл бөлді.  Жасөспірім қыздардың денсаулық мәселесі бойынша  сөз алған қалалық Денсаулық сақтау басқармасы­ның басшысы Қанат Төсекбаев  Алматы қаласында 244 819  жасөспірімдер мен жастар тұратындығын, олардың  27,3 пайы­зын 15–19 жас аралығындағы  жасөспі­рімдер мен жастар құрайтындығын айтты.   Алматы  жоғары және орта білім білім бере­тін оқу орындары мен мектептер көп  шо­ғырланған жастар қаласы екендігі даусыз.

Денсаулық сақтау басқармасы тара­пы­нан жасөспірімдер мен жастар ден­саулығына  айрықша көңіл бөлінетіндігін айта келе, басқарма басшысы  қала­мыздағы емханаларда «Жастар денсау­лығы»  орталықтары жұмыс істейтіндігін, орталық жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту мәселесімен қатар, оларға психологиялық және басқа да  дәрігерлік ақыл-кеңестер берілетіндігін айтты. Басшы­ның сөзінен кейінгі кездері психолог ке­ңе­сі­не жүгінетін жасөспірімдер мен  жастар­дың қатары көбейіп келе жатқандығын аңғару қиын емес. Бір жылдың өзінде  9,5 мыңға жуық жасөспірім психолог маман­дарға жүгінген. Қалалық Денсаулық сақ­тау басқармасы­ның басшысы Қанат Төсек­баев  жасөспі­рім­дер мен жастар ден­сау­лығын жақсарту бағытында атқарылған жақсы жұмыстарды айта келіп, кейінгі жылдары  жас қыздар арасында ерте жас­тан жүкті болу мен  түсік жасату оқиға­сының үш есеге көбейгендігін қынжыла жеткізді.

Осы жылдың 1 қазанына дейінгі мәлі­меттер бойынша  63 жасөспірім қыз жүк­тілік бойынша есепке алыныпты.  Олардың арасында әлі он беске толмаған  қыздар да бар.  Денсаулық сақтау басқармасы  бас­шы­сының сөзін мұқият тыңдаған комис­сия мүшелері бұл мәселеге бей-жай қарау­ға болмайтындығын, мектептер мен орта арнаулы білім беретін оқу орында­рында оқи­тын қыздар  арасындағы тәрбие жұмы­сын қатаң қолға алу керектігін айтты. Қыз – ұлтымыздың ұяты, болашақ ұрпақ тәрбие­шісі. Сол себепті де, қыз баланың тағдырына, өмірі мен тәрбиесіне немкетті қарауға болмайтындығын  айта келіп, оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарын жандандыру керектігін сала басшыларына ескертті. Ерте жүктілік пен ерте жастан түсік жасату қыз баланың келешекте ана болуына көп кедергі келтіруі, тіпті оның соңы бедеулікке ұрындыру мүмкін  деген қауіптерін қоса білдірген  комиссия мүше­лері жасөспірімдер мен жас қыздар ара­сында осы тақырыпта жиі  әңгіме өткізіп,  гинеколог мамандар жиі  ақпарат­тық кеңестер беріп тұрса деген ұсыныстарын білдірді.

Ал мүмкіндігі шектеулі әйелдер ден­саулығына   қатысты мәселелер  бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан Отыншиев бұл бағытта қолға алынып жатқан іс-шаралармен қатар, реабилитациялық орталықтардың мүм­кіндігі шектеулі жасөспірімдердің денсаулығын жақсартудағы  қызметтеріне  тоқталды. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қалалық Денсаулық сақтау басқармасымен ақылдаса келіп,  қалалық емханалардың бірінші қабатынан мүмкін­дігі шектеулі  жасөспірімдер  мен жастар және әйелдер үшін  гинекологиялық каби­неттер ашуды жоспарлап отырғандығын  жеткізді.  Кейбір емханаларда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдайлар жасалмағандықтан, мұндай кабинеттердің ашу қажеттілігін комиссия мүшелері бірауыздан қолдады.

Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы Арман  Қырықбаев қыз баланың тағдырына қыз өсіріп отырған аналардың үлкен жауапкершілікпен қарауы тиісті екен­дігін  айта келіп, білім беру мекеме­лерін­дегі тәрбие жұмысын жандандыруды, халқымыздың  қыздың жолы жіңішке деген сөзін жадымыздан шығармау керектігімізді  ескертті.

Иә, қыз – елдің болашағы, ал бола­шақты қорғау – біздің ортақ міндетіміз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *