Қыз-келіншектердің киіну әдебі туралы заң қабылданыпты

Ұлттық бет-бейнесін танытудың ең қолайлы жолы деп шешсе керек, Тәжікстан билігі қыз-келіншектерге киіну әдебі туралы заң қабылдапты. Осыған орай, олар «Қыздар мен әйелдер киюге тиіс киімдер жөніндегі нұсқаулық» атты кітап шығарған екен. Кітап 7 мен 70 жас аралығындағы тәжік әйелдеріне арналған. Онда киімді әйелдерге қалай және қайда киюге болатыны жазылған көрінеді. Мәселен, мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істейтін әйел қалай киіну керектігі жайлы кеңестер, ұлттық және мемлекеттік мерекелер кезінде әйелдерге киюге болатын көйлек­тердің үлгісі деген секілді… Сондай-ақ, кітаптан Наурыз немесе Мехргон мейрам­дарында, отбасылық іс-шаралар мен үйлену тойларына арналған қалыңдық көйлек­терінің үлгісін де көруге болады.

Жасандылыққа жол жоқ

Бұдан былай түркімен әйелдеріне шаш және тырнақ бояуларына рұқсат жоқ. Әзірге бұл тыйым мемлекеттік қызметтегі нәзік жандыларға ғана қатысты көрінеді. Сондай-ақ, билік басындағы бикештердің қайқиған кірпік пен ұзартылған жасанды тырнақ жалғауларына да заң жүзінде тыйым салыныпты. Ол-ол ма, қыз-келін­шектерге алтын бұйымдар тағу да арман болып қалатындай. Сондықтан алдағы уақытта кеденде бақылау күшейтіліп, Түркіменстан аумағына ешқандай шаш бояулар, тырнақ пен кірпік өсіруге арнал­ған косметикалық құралдар кіргізілмейтін болады. Өйткені, бұл елдің моральдық бет-бейнесіне қайшы дүниелер деп есептейтін көрінеді. Соған қарағанда, түркімендер жасанды сұлулықтан гөрі табиғи сұлу­лықты жоғары бағалайтын секілді.

Үзілісте соғылатын қоңырау үнін әуенмен алмастырыпты

Моңғолияның ұлттық арналарында жаңалық оқитын дикторлар міндетті түрде ұлттық киім киіп отырады екен. Сондай-ақ, мектеп мұғалімдеріне де ұлттық нақыштағы киім кию міндеттеліпті. Тіпті, мектепте үзілісте соғылатын қоңыраудың өзін олар моңғол ұлтының рухын көтеретін музыка­мен алмастырыпты. Тамаша ғой! Шынында да, үлгі аларлық дүние екен. Бізге де осы дәстүрді мектепке енгізсек қайтеді? Бала­ларымыз қазақтың әнін естіп, күйін тыңдап һәм тарихын біліп өсер еді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *