Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан

Көктемнің көркіне айналған сан алуан қызғалдақты қала көшелерінен көрген сайын көңілге де, көзге де ерекше қуаныш ұялайды. Сол қызғалдақтың Отаны біздің еліміз екендігі тіпті мақтаныш сезіміңізді ұлғайтады. Сондықтан қызғалдақ туралы ән де, жыр да, суреттер байқауларының, т.б. іс-шаралардың жыл сайын өтіп отыруы заңды сияқты. Сондай бір іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында Оқушылар сарайы биологиялық-экологиялық бөлімінің ұйымдастыруымен «Қызғалдақтың Отаны» атты фестиваль өткен еді.

Рая ЕСКЕНДІР

Іс-шараға қала мектептерінің оқушы­лары қатысып, еліміздің керемет табиға­тымен, оның алуан түрлі гүлдерімен танысты. Мереке аясында оқушылардың ісмер қолынан шыққан гүлмен безен­дірілген бұйымдар, костюмдер, суреттер байқауы да өтті. Сонымен қатар, «Мың бір қызғалдақ», «Көктемнің алуан гүлдері», «Қыз­ғалдақтар шеруі» мерекелік іс-шара­ның мазмұнын аша түсті. Әлемде қызғал­дақтың 110-ға тарта түрі өседі екен. Ал олардың 39 түрі біздің еліміздің жазық жерлерінде өседі. Осы гүлдердің 18 түрі Қазақ­станның Қызыл кітабына енген.

Фестивальдің құрметті қонағы болған Әлия Назарбаеваға оқу­шылар әсем қыз­ғалдақтарды тарту етті. Дәстүрге айналған қызғал­дақтар мерекесіне қатысу­шылар саны биыл тіпті арта түскен.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *