ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗГІ НЫСАНҒА АЙНАЛДЫ

Қала-қарбалас

 

kukikЗаманауи мемлекетіміздің – білімді, тапқыр, кез-келген жағдайда   дербес шешім жасай алатын, ынты­мақ­тасуға және өзара іс-қи­мылға қабілетті,  ел тағ­дыры үшін  жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбие­леу мәселесі жөніндегі әлеу­меттік сұранысына орай, «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүд­де, бір болашақ» атты Қа­зақстан халқына Жол­да­уында Елбасы: «Әлемнің дамыған 30 елінің қата­рына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әді­леттілік, заңның үстем­дігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет», – деген болатын. Бұдан Ел­ба­сымыздың Қазақстан Республикасы азамат­тарын пат­риоттыққа тәр­бие­леуді басты орынға қойып отырғанын бай­қауға болады. 

Қазіргі тарихи кезеңде еліміз ата-бабаларымыздан мыңдаған жылдар бойы қордаланған тарихи қойнауындағы құн­дылықтар жүйесінің негізінде – демо­кратиялық,  зайырлы және құқықтық мемлекет орнату жолында дамып келеді. Азаматтық-патриоттық және құқықтықтәрбие – жастарды гуманизмге, қазақ халқының дәстүрін, тілін сүюге және құрметтеуге, Қазақ­станның басқа халықтарының мәдениетін зерттеуге, игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалып­тасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қаты­насты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастырады. 

Нарықтық заманда Республи­камыздағы заңнамаларымызда  моральдық ұстанымдардың, адамгер­шіліктің, кәсібиліктің, әділдік пен адалдықтың ең жоғарғы деңгейде қаралу маңыздылығы талап етіледі.

Басты бағытымызда әлеуметтік жаң­ғыру жолымыздың  мақсаты мен мәні нақты айқындалған, ол «индустрия­ландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсімінен, Қазақстанның жылдам қарқынмен  дамып келе жатқан экономикасының дамуы мен қоғамдағы игі істерді қамтамасыздандыру арасында ұтымды тепе-теңдікті табудан, «құқық пен әділеттілікке негізделген» әлеуметтік қарым-қатынасты бекітуден» тұрады.

Түйіндей келсек, бүгінгі құқықтық мәде­ниеттің қалыптасуы –  бұл қо­ғамдық өмірдің барлық жақтарын қозғайтын ұзақ әрі күрделі үдеріс. Құ­қық­ты насихаттау, азаматтардың заңды білуін дамыту, заңдылықты тәжірибе жүзінде бекіту және ол мемлекетте демократияның, тиімді конституцияның, оның заңдарының техникалық-заңгерлік және құқықтық сапасының жоғары болуы құқықтық мәдениетті қалып­тастыру құралдары болып табылады.

 

Бауыржан МОЛДАҒАЛИЕВ,

ҚазҰУ-нің докторанты,

ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану

институтының  ғылыми қызметкері.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *