Ыстық суға қарыз 3 млрд. теңгеден асты

Осыған дейін Алматы қаласы тұрғындарының бір ғана ыстық суға қарызы 3 млрд. теңгеден асып кеткені белгілі болған еді. Атап өтетіні, олардың 30 пайызын кәсіпкерлер құраған екен.

Міне, сол себепті жылу берушілер енді құр өтініш айтқаннан бас тартып, тікелей іске көшкен. Соның арқасында биылғы жарты жылда 5 мыңдай борышкерден қарыздар жиналып алынған. Мысалы, соның ішінде бір ғана «Ақкент» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ыстық суға 800 мың теңге қарыз болған. Соған орай, тексерушілер алдымен қарызы 50 мың теңгеден асып кеткен пәтерлерді аралап шыққан. Сөйтіп, ондағы төрт пәтердің ыстық суын жауып тастаған.

Әсіресе, кәсіпкерлердің қарызын төлеттіруде де қиындықтар туындаған. Олардың көбі өздеріне коммуналдық қызмет өкілдерін кіргізуден бас тартқан. Мысалы, бір сұлулық салонының басшысы қарызы 150 мың теңгеден асып кетсе де, бейқамдық танытқан. Енді осылай ұзақ уақыт қарызын төлемегендерді «Алматы жылу желілері» ЖШС көп сөзге келместен ыстық суын өшіріп тастап отыратын болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *