ҚЫСТЫҢ СӘНІ – МҰЗ АЙДЫНЫ

Алматы әкімдігінің әлеуметтік жобасы негізінде қалада тегін сырғанау айдындары жұмыс істейді

Нұрлан СҮЙІН

Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдемесі бойынша мегаполисте талапқа сай бес мұз айдыны жұмыс істеп тұр бүгінде. Әлеуметтік жоба бойынша ашылған ашық мұз айдындары тәулігіне 24 сағат тегін жұмыс істейді. Әрине, Алматыдай әсем қаланың жалпы халыққа арналған мұз айдындары да тегіс, әдемі, талапқа сай болуы керек. Сол себепті, мұз айдындарын тазалап, тәулігіне үш рет су құйып, мұз қатыру кестесі жасалған. Мысалы:

  1. «Mart Vіllage» сауда ойын-сауық орта­лығында бірінші мұз қатыру жұмыс­тары сағат 8.00-ден 8.45-те, екіншісі 16.00-ден 16.45-те, үшінші сағат 24.00-де жүргізіледі.
  2. Орталық саябақта мұз қатыру жұмыстары сағат 10.00, 17.00 және түнгі 24.00-де жасалады.
  3. «Атакент» орталығында бұл жұмыстар сағат 7.00, 15.30-да, соңғысы түнгі 24.00-ден кейін жүргізіледі.
  4. Тұңғыш Президент саябағында бірінші мұз қатыру сағат 10.00, екіншісі 17.00-де, үшінші 24.00-де.
  5. Құрманғазы (Панфилов пен Байсейітова көшелерінің ортасы) көшесіндегі мұз айдынында жұмыстар 7.00, 15.30, түнде жүргізіледі.

Мұз айдындарындағы техникалық үзілістер осындай.

Қалалық әкімдіктің жауапты қызметкерлері мұз айдындарының сапасын бақылап, тексерістер жасап тұрады.

Тегін мұз айдындары маңында конь­килерді жалға беру, жеңіл тамақтану орындары бар.

Сонымен қатар мұз айдындарында бұқа­ралық іс-шаралар ұйымдастыруға болады екен. Мысалы, қалалық әкімдік Жаңа жыл қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мереке ұйымдастырды. Шырша, сырғанақ жасалып, сыйлықтар таратылды.

Жалпы, алдыңғы буын алматылықтар өз аулаларындағы сондай-ақ Медеу, «Спартак», «Динамо», т.б. мұз айдында­рында сырғанақ теуіп өскен болатын. Бүгінде климат өзгеріп, күн жылып кетті. Дегенмен, жаңа технология көмекке келіп, мұз айдындары жаңаша «құйылып» жатыр.

Бүгінгі алматылық­тардың барлығы да әлеуметтік сырғанақ­тардың қызығын көріп, қала әкімдігіне алғыс айтуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *