ЫҚШАМАУДАНҒА «АЙША БИБІ» АТАУЫ ҚАЙТА БЕРІЛСЕ

Аудан әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда. Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаровтың кезекті жиыны сенбі күні Әуежай мәдениет үйінде өтті. Аудан әкімімен кездесуге келген тұрғындар жиынның соңына дейін шеті сөгілмей отырды. Аудан тұрғындарының әрбір сауалы өзекті болды. Әрбір сұрақ жекелеген жәйттардың басын ашып берді.

Сұрақтардың көпшілігі ауданның таза­лығына, аулаларды абаттандыру, жарық­тандыру, газ тарту мәселесіне қатысты болды. Мәселен, аудандағы  Ка­пальский көшесінің тұрғыны С.Мұ­талханова көшеде жарықтың жоқты­ғына қапаланды.

–       Ауданда ұзындығы 134 шақырым болатын жарығы жоқ 254 көшенің бары анықталды. Қазіргі уақытта жарығы жоқ көшелерге жобалау-сметалық құ­жаттар дайындалып жатыр. Жыл соңына дейін 6700 жарық бағандары орнатылады, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, әрбір көтерілген мәсе­ленің барлығы өзекті екенін тілге тиек еткен аудан әкімі барлығы рет-ретімен шешіле­тінін айтты.

–       Атқарушы органдар ел тұрғын­дарымен тығыз байланыс жасап, түсін­дірме жұ­мыстарын жүргізуі тиіс. Қолда бар мүм­кін­дікті дұрыс пайда­ланып, ел ертеңіне аян­бай қызмет етуіміз қажет, – деді Б.Ақжаров.

Ал «Қайрат» ықшамауданындағы «24 линия» көшесінің  тұрғыны Қ.Әбдіға­лиев  Тәттімбет көшесіне жаңа көпір мен жаяу жүргіншілер жолын салып беруді өтінді. Аудан тұрғыны О.Медвед­кова аудандағы криминогендік жағдайды жақсарту үшін Федосеев көшесіне жаяу бағыттағы тәртіп сақшыларының жиі келіп тұруын өтінді.

Жұрт залдың екі жеріне қойылған дауыс күшейткіштерді пайдаланып, ойлары мен ұсыныстарын еш кедергісіз айтып жатты. Соның бірі – «Жас қанат» ықшамауда­нының тұрғыны Т.Машуров ықшамаудан­дағы көшелерге атау беруді сұрап келді. Ал «Шуақты» ықшам­ауданының қарт тұрғыны Гүлғайша Бейсенова ықшамау­данға оның бұрын­ғы атауы «Айша бибі» атауын өтінді.

Жас әкім залда отырғандардан түс­кен сауалдарға жауап беру барысында бірден әр мәселенің мәнісіне үңіліп, мұ­қият тар­қа­тып, шешілу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігін сол мезетте егжей-тегжейлі түсіндіріп беріп отыр­ды.

 

Бетті әзірлеген —

Мәншүк БЕКБОСЫН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *