Қысқы веломаусым ашылды

Сәкен СЫБАНБАЙ

Кей оқырман таңқалар, бiрақ белесебеттi қыста да тебуге болады екен. Бұған Алматыдағы «Велоспортты дамыту спорт клубының» табыстары дәлел.

Кеше ашылған қысқы веломаусымның алғашқы күнiнде қатысушылар 1200 метр қашықтыққа жарысты. Оған спорттың осы түрiмен әуестенетiн 70 адам қатысты.

– Былайғы жұрт велоспортты тек жазғы спорт түрi деп ойлайды. Шын мәнiнде бұл спорт түрiмен жыл он екi ай айналысуға болады. Бiздiң клуб тек әуесқойларға ғана арналмаған, арамызда кәсiби шеберлер де бар. Болашақта елдiң атын шығаратын кәсiби велошабандоздар, чемпиондар осы ортадан шығады деген үмiттемiз, – дейдi «Велоспортты дамыту спорт клубының» директоры Сергей Гуцалюк.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *