ҚЫС СУЫҚ БОЛСА, ОТЫН ҚОРЫ ЖЕТЕ МЕ?

4-%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%ba%d0%b5

Естеріңізде болса, өткен 2015 жылдан 2016 жылға қараған қыс Алматы қаласында жылы болды. Тек, желтоқсан мен қаңтар айлары ғана аздап ызғарлы болғанымен, қалған айлар жанға жайлы болды деуге болады. Ал енді «биылғы қыс суық болады» деген болжамдар ел ішінде жиі айтылуда. Сондықтан да «қысқа жаздан дайындал» деген аталы сөзді қаперге алып, алдағы қысқа қызу әзірленіп жатырмыз. Әрине, оның нәтижесі қалай боларын алдағы қыс айлары көрсететін болады.

Сонымен, қазіргі таңда еліміз бойынша қысқа дайын­дық жұмыстары қалай жүріп жатыр? Әсіресе, жылу беру маусымына аса қажетті отын қорының дайындалу көрсет­кіші қалай? Атап айтқанда, республика Энергетика министр­лігінің мәліметі бойынша, бүгінде еліміздегі электростансалардың отын қоймаларында 3,2 млн. тонна көмір мен 122 мың тонна мазут жиналып қойған екен. Осы ретте айта кететіні, қазір еліміздегі тұтынылатын электр қуаты 61 млрд. кВт/сағатты құрайтын болса, бүгінгі күнге дейін өндірілгені 63 млрд. кВт/сағатты құрап отыр. Демек, қазіргі уақытта дайындалған отын қоры өткен жылғымен сәйкес келеді деуге болады.

Сондай-ақ, еліміздің  тұрақты энергия қалыптас­тырушы тұтынушылары үшін 2016-2017 жылдардағы күзгі-қысқы маусымда электростансалардың негізгі құрал­дарының бекітілген кестесіне сәйкес, 2016 жылғы Қазақстан бірыңғай энергетикалық жүйесіне орай биыл 9 энергоблоктың, 56 энергетикалық қазандық пен 39 құбырға күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Соған бүгінде 3 энергоблоктағы, 25 қазандық пен 17 құбырдағы жұмыстар және 26,1 мың шақырым энерготарату желілерінің жұмыс­тары аяқталды.

Әрине, мұның бәрі еліміздегі энергетика жүйесіне қатысты. Ал, Алматы қаласына келетін болсақ, Тәуелсіздік жылдары мегаполисте жылыту жүйелеріне байланысты ешқандай төтенше жағдайлар орын алған емес. Тіпті, бұл ретте қаламызда отын қоры көптеп дайындалып, көмір мен мазут қыс маусымына толығымен жетіп жүрді. Соның ішін­де, өткен жылы да мегаполисте қысқа отын қоры көптеп дайындалып, артылып қалғаны да белгілі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *