Қыркүйек айында II Халықаралық ALMATYFILMFESTIVAL кинофестивалі басталады

2019 жылдың 14-20 қыркүйегі аралығында Қала Күні мерекесі аясында Алматыда II Халықаралық «ALMATYFILMFESTIVAL» кинофестивалі өтеді

ALMATYFILMFESTIVAL – Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен AstanaFilmFund- ұйымдастырған жаңа халықаралық кинофестиваль. Фестивальдің мақсаты Қазақстан киноөндірісін дамыту, кинематография өнеріне көпшілік қауымның назарын аудару және халықаралық ынтымақтастықты бекіту. Еліміздің мәдени астанасы Алматы қаласын Орталық Азия өңіріндегі ірі мәдени және саяхат орталығы ретінде, сонымен қатар әлемдік киноқауымдастығын Қазақстан киноөндірісінің жаңа мүмкіндіктерімен және артықшылықтарымен таныстыру фестивальдің басты мақсаты болып табылады.


Үстіміздегі жылы фестиваль «Мәдениеттер жақындастығы» деген девизбен 7 күн бойы негізгі үш алаңда өтеді:
— Кинофестивальдің ашылу, жабылу салтанаты және «қызыл кілем» рәсімі өтетін Республика Сарайы;
— «AlmatyFilmDistrict» Іскерлік форумы және «Made in Almaty» сценарийлер байқауы, шеберлік сабатары, дөңгелек үстелдер өтетін «Mercure Almaty City Center» қонақ үйі;
— Фестивальдің байқауға қатысатын және байқаудан тыс фильмдерінің көрсетілімдері өтетін «ChaplinCinemas» кинотеатрының залдары. Disney және ALMATYFILMFESTIVAL биыл мүшелігіне өткен European Children’s Film Association бірлесіп ұйымдастырған балалар және отбасылық кино бағдарламасы да осында өтеді. Қызыл кілем үстімен отандық киноның бүлдіршін жұлдыздары жүріп өтеді.
Фестивальдің ашылу салтанатында қызыл кілем үстімен отандық және әлемдік киноөндірісінің жұлдыздары өтеді.
Кинофестивальдің қазылар алқасына Алтын Пальма Бұтағының иегері, қазақстандық актриса Самал Еслямова, ресейлік жетекші кинопродюсерлердің бірі Алексей Петрухин және шетелдік кинематографистер кіреді.
Фестивальдің арнайы қонақтары: «Хорошо продакшн» продюсерлік орталығының басшысы, ресейлік танымал продюсер Наталья Иванова; «Абрамович Қорының» диреторы Антон Малышев; Халықаралық Пусан Кинофестивалінің президенті Джей Джон; «EuropeanChildren’sFilmAssociation» бас хатшысы Феликс Вангиндерхюсен; Ресей Федерациясының үздік кастинг-директоры Елизавета Шмакова; «TheHollywoodReporter» журналисі Ник Холдворт; «Cineurope»- Еуропаның жетекші медиа-порталының журналисі Вассилис Эконому; португалдық продюсер және Локарно кинофестивалінің жүлдегері Пауло Бранко; француз киносыншысы, Канн ХКФ іріктеушісі Бенжамен Иллос және басқалар.
Фестивальдің қонатары арасында қазақстандық кино және өнер қайраткерлері де бар: әнші, актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова, актер жіне продюсер Фархат Әбдірайымов, кино және ТВ актері Санжар Мадиев, актриса Әсел Сағатова, актриса Қарлығаш Мұхамеджанова, сценарист және режиссер Сатыбалды Нарымбетов, актер және режиссер Асанәлі Әшімов, сценарист және режиссер Дәрежан Өмірбаев және басқа да көптеген отандық кино жұлдыздары.
Фестиваль президенті, қазақстандық режиссер Ақан Сатаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстан кинематографы жақсы өзгерістерді бастан кешіп жатыр. Көрермендер арасында отандық киноға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді.
Алматы кинофестивалі заманауи дамып, жас кинематорграфистерге идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп келеді. Аудитория қызығушылығын тудырған жаңа есімдер туып, олар Қазақстаннан тыс жерлерде танылып келеді. Бұл Қазақстан мәдениетінің дамуы үшін өте маңызды».


ALMATYFILMFESTIVAL негізгі байқауының тақырыбы – «Мәдениеттер жақындастығы». Байқауға 2019 жылы екі немесе одан да көп елдердің бірлескен өндірісінен шыққан 12 кинотуынды қатысады.

Сонымен қатар бірнеше байқаудан тыс бағдарламалар бар: «Әйелдер — кинода» (ЮНЕСКО-мен бірлескен), «Отбасылық кино» («ECFA» еуропалық балалар фильмі ассоциациясымен бірлескен), «Жарқын дебюттер» және «Ұшқын» студенттер кинофестивалінің бағдарламасы.

«Ерекше оқиға» бағдарламасы аясында жаңа және ретроспективті фильмдер көрсетіледі, сонымен қатар гала-премьералар болады.

Жабылу салтанатында 5 негізгі номинация бойынша марапаттау рәсімі өтеді:
— Бас Жүлде;
— Үздік режиссер;
— Үздік актер;
— Үздік актриса;
-Қазылар аласының арнайы жүлдесі.

ALMATY FILM FESTIVAL – бұл тек көрсетілімдер мен байқаулар ғана емес, ол, сонымен қатар аса ірі іскерлік алаңы. “MercureAlmatyCityCenter” қонақүйінде өтетін AlmatyFilmDistrict Іскерлік форумы перспективті бизнес саласы ретінде дамып келе жатқан кинематографқа байланысты өзекті мәселелерді көтереді. Іскерлік форум алаңдарында дөңгелек үстелдер, панельдік пікірталастар, әлемдік және қазақстандық кинематографистердің шеберлік сабақтары өтеді. Шетелдік киноөндірісінің кәсіби мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстан киноөндірісінің өкілдерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатады.

ALMATY FILM FESTIVAL аясында «MADE IN ALMATY» сценарийлер байқауы өтеді, оның қорытындысы бойынша жеңімпаз аталған жобаның жүзеге асырылуына ASTANAFILMFUND толық қолдау көрсетеді. Идея – жас кинематографистерді қолдауда. Байқаудың миссиясы – Қазақстанның жас дарындарына жаңа серпін беру және оларды әлемдік жетекші продюсерлерге, қорлар мн фестивальдерге таныстыру.

Сонымен қатар кинофестиваль қарсаңында тамыз айының әр сенбісінде қалалық Q-lab жобалары зертханасымен бірге отандық киноның ашық көрсетілімдері ұйымдастырылады. Көрсетілімдер Алматы қаласы, Абай көшесі, №90 үйдің ауласында ашық аспан астында өтеді.

2019 жылы ALMATYFILMFESTIVAL фестивалінде «ALATAUFILMAWARDS» жаңа ұлттық жүлдесі бекітілді, оның аясында көпшілік көрермен қауымға ұнаған отандық коммерциялық фильмдер марапатталады. Жүлденің мақсаты – қазақстандық кинотуындыларды кеңінен тарату және еліміздің кинопрокатында фильмдер бәсекелестігін арттыру.

— ALMATYFILMFESTIVAL – бұл отандық кинематографты дамытудың қуатты жолы, — дейді фестивальдің бас продюсері Эрнар Курмашев. «Фестиваль тұжырымдамасы, ең алдымен, Алматы және Алматы облысын өте әдемі түсірілім алаңы ретінде әлем кинематографына насихаттауға бағытталған.
Екіншіден, біз отандық киноөндіріс пен біздің биліктің, сонымен қатар әлемдік кинематографистердің назарын келіміздегі киноөндірістің жүйелі жұмыс істей бастағандығына, яғни, дұрыс даму жолына түскендігіне аударуға тырысамыз», — деп аяқтады сөзін продюсер.
Кинофестиваль қонақтары мен келушілер үшін барлық көрсетілімдерге есік ашық.

ALMATYFILMFESTIVAL әріптестердің қолдауынсыз өтпес еді. Біз Air Astana, ChaplinCinemas кинотеатрлар жүйесі, MercureAlmatyCityCenter қонақ үйі, Parmigianogroup, AlashMediaGroup, AstanaMotors компанияларына ризашылығымызды білдіреміз.

ALMATY FILM FESTIVAL2019 сан түрінде:
7 күн — бай бағдарлама
12 фильм — негізгі байқау
50 фильм — байқаудан тыс бағдарлама
5 қазылар алқасы
50-ден аса қатысушы — іскерлік форумы;
50-ден аса — кинофестиваль қонақтары (режиссерлер, продюсерлер, сценаристер);
30-дан аса елден келген қонақтар (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Великобритания,США, Франция, Китай, Индия, Южная Корея, Италия, Әзерайжан, Болгария, Португалия, Сингапур, Палестина, Аргентина және басқа);
50-ден аса — отандық киноөндіріс өкілдері
100-ден аса — журналистер, блогерлер;
5000-нан аса — кинофестиваль қонақтары.

https://cloud.mail.ru/public/qNY6/5Mkr2GA3u

ALMATY FILM FESTIVAL баспасөз қызметімен байланысу:
Анна Шелепова, баспасөз хатшысы
+ 7 707 237 29 28, anyashelepova@gmail.com

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close