ҚЫМЫЗДЫҢ ЕМДIК ҚАСИЕТI

25Қымыз – бие сүтiн сүт­қыш­қылды бак­те­риялармен ұйыту арқылы алынатын сусын.

Бие сүтiнiң құрамындағы бе­логы жетiлуi кезiнде ыдырап, жеңiл сiңiмдi заттектерге ауысады. Майдың мөлшерi де 1,3-2 па­йызды құрап, сиыр сүтiмен салыс­тырғанда 2 есе төмен, май түйiршiктерi нәзiк болғандықтан, сiңiмдiлiгi өте жоғары. Бие сүтiнде адамның денсау­лығына қажеттi витаминдердiң барлығы дерлiк кездеседi. Әсiресе А, С, В1  вита­миндерi және кальций, магний, фосфор, мыс мол кезде­седi. А витаминi жасуша­ның жаңаруын қамтамасыз етсе, С витаминi иммунитеттi нығайтып, ағзаның қарсы тұру қабiлетiн күшейтiп, кез-келген сырқаттан тез айығуға ықпалын тигiзедi. Саумалдың құрамында антибио­тикалық заттектердiң болуы ту­бер­кулез ауруын емдеуде кеңiнен қолданыс тапқан.

Қымыз күштiлiгiне қарай әлсiз, орта­ша, күштi деп бөлiнедi. Әлсiз қымыз – 1 тәулiктiк, аздап қоюлау, газы аз, дәмi болар-болмас қышқылдау болып, 1 пайыз этил спиртi болады. Орташа қымыз – 3 тәулiкке дейiнгi, газға бай, дәмi қышқыл, 1,5 пайыз этил спиртi кездеседi. Күштi қымыз – 3 тәулiктен жоғары, дәмi қыш­қылдау, 1,5-3 пайыз этил спиртi болады. Қы­мыздың құрамында көмiр­қыш­қыл газы болғандықтан, газ­далған сусынға жатады. Көмiр­қышқыл газының болуы асқазан мен ұйқы безiнiң сөл бөлуiн, ба­уырдан өттiң өндiрiлуiн жақсар­тып, қабылдаған астың жақсы қорытылып-сiңуiн қамтама­сыз етедi. Сондықтан, қымыз iшкенде тәбеттi ашып, зат алмасуды кү­шейтедi.

Дүниежүзiлiк Денсаулық сақ­тау ұйы­мының деректерi бо­йынша, өлiм-жiтiмнiң 60 пайызы дұрыс тамақтанбаумен, ал дерттердiң 40 пайызы тамақтану факто­рына тiкелей байланысты. Қазақ тағам­тану академиясының ғалымдары түрлi ауруларды ем­деуде тыныс алу, жүрек қан-тамыр жүйесiнiң, жүйке және ас қорыту жүйесiнiң, қант диабетi, т.б ауруларды емдеуде жақсы нәтижелерге қол жеткiзiп, қымыз­дың емдiк шипалы қасиетi зерт­телiп, үнемi дәлелденiп келедi. Әсiресе, Қазақстан халқының арасында жиi кездесетiн қаназ­дық ауруларында қан жасуша­ларының өндiрiлуiне ықпа­лын тигiзедi. Қымыздың емдiк қасие­тiмен еш­бiр дәрi-дәрмек, не басқа да сусындар тең келмейдi.

Қазақ тағамтану академиясы респуб­ликамыздың барлық өңiр­лерiнен 2200-ге жуық тұрғын­дардың тамақтану жағдайын зерттеп, қазақ ұлтының басым бөлiгiнен «қымыз бен шұбатты қаншалықты жиi тұтынасыз?» деген сұраққа жылына 2-3 рет, ал басқа ұлттар мүлдем қолданбай­тынын айтты. Қымыз бен шұбат­тың шипалы қасиетi ерте заман­нан ақ белгiлi бола тұрып, ғылы­ми дәлелденсе де, хал­қымыз осы бiр табиғаттың ерекше сыйы болып табылатын сусынға көңiл аудар­май отыр. Қазiргi таңда басқа шет мемле­кеттер, Германия секiлдi бiздiң қымызға көзi түсiп отырғанда ұлттық тарихымызға терең тамыр жайған қымызы­мызға ден қойсақ өң болар едi.

Айгүл ҚОЖАХМЕТОВА,

Ұлттық салауатты тамақтану орталығының Алматы қалалық департаментiнiң жетекшiсi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *