Қымбатты алматылық арулар!

411Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі  – 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!        

Бұл мейрам – ізгіліктің, мейі­рім­діліктің, әдеміліктің нышаны болып, өмірге әрқашан сән беріп, мейірімін төгіп, шуақ шашатын Әйелдердің қашанда сыйлы, сүйікті де қадірлі екенін есімізге салады.

Бүкіл адамзат Әйел-Ана жүре­гіндегі таусылмас мейірім – шуағынан нәр алып, мәңгілік қуат-қайнарынан сусындап өсіп-өркендеп келеді.

Мемлекетіміздің табысты дамуына әйелдер­дің қосып жатқан үлесі орасан зор. Егемен еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени салаларында қол жеткізген жетістік­терінің барлығында сіздердің қолтаңбаларыңыз бар. Оны біз әрқашан мақтаныш тұтамыз.

Біздің әсем қаламыздың да сәні мен салтанаты сіздерсіздер, алматылық арулар!

Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, жемісті еңбек, бақ-береке, толайым табыстар тілеймін!

Мерекелеріңізбен, қымбатты арулар!

     Ахметжан ЕСІМОВ, Алматы қаласының әкімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *