Ғылым – теңіз, білім – қайық

Сонау 1933 жылдан бері 75 жыл бойы тарихы қаланған Қазақ Ұлттық университетінің бүгінде жеткен жетістігі, алған асуы мол. Айта кетсек, Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (АРТА) бойынша ҚазҰУ республика¬мыздың ең үздік ЖОО беделіне ие және алғашқы рет ҚазҰУ QS «World Unіversіty Rankіngs» халықаралық рейтингісінде 16-орынға жайғасып, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 220-орынға орнықты.
Бұл рейтинг біздің әлемдегі дамыған мемлекеттермен бәсекелес бола алатынымыздың дәлелі. Уни¬верситет жобалары, конферен¬ция¬лары, «дөңгелек үстел» түрлі кездесу іс-шаралары, ғылыми жаңалықтары, «SAP Next Gen Labs» сынды инно¬вациялық зертха¬налары халықаралық қатынастар жиын¬тығы, заманауи смарт ғим¬араттары, кітапхана, интернет ор¬талық, спорт кешендері студент¬тердің дамуына барынша бағытталған.
Осы орайда өзімнің оқып жүрген «Философия және саясат¬тану» факу¬ль¬тетінің «Дінтану және мәдениет¬тану» кафедрасын мақта¬нышпен айтып өткім келеді. Біздің кафедра – өзекті, ең қиын әрі көп¬салалы білім беріп, мәдениеттану, дінтану, исламтану мамандықтары бойынша кадрлар даярлайтын үлкен әлем. Бүгінде кафедра Қа¬зақ¬стан¬дағы басқа ЖОО-дар арасында ең білікті дінтанушылар мен мәдениет¬тану¬шы¬ларды дайын¬дауда жетекші орынға ие болуының бірден-бір себебі факультет деканы, фило¬логия ғылымының докторы, профессор Әлия Масалимова бастап және кафедра меңгерушісі Айнұр Құр¬маналиева қостап, әдемі басқару дәстүрін жалғастырып келе жатқан¬дығының нәтижесі. Кафед¬раның ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік, ғылыми конферен¬циялар, стартап жоба¬лары, т.б. сынды үлкен тәжірибеге толы жобалары, іске асуда. Сонымен қатар, кафедра¬ның қызметі басқа кафедралардың, факультет¬тердің, жалпы универ¬ситеттің ұжымымен, еліміздің барлық ғылыми қоғамдас¬тығымен тығыз байланысты.
«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы бірегей рухын сақтап, өзінің кәсіби мәртебесін нығайтып, Қазақстан алдында тұрған міндет¬терге сай заманнан қалыспауға ұмтылуда. Ж.Молдабеков, Т.Ға¬битов, З.Исмағам¬бетова және тағы да басқа парасатты ұстаздарымыз өте көп. Іргетасы мықты оқыту¬шылық құрамның бізге беріп келе жатқан білімін еліміздің баянды болашағы үшін жұмсауға әрқашан дайынбыз.

Гүлнар НАЙЗАБАЕВА,
ҚазҰУ мәдениеттану мамандығының 1-курс магистранты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *